Мемлекет басшысының Жарлығы – бұл тұрақты экономикалық даму бағытының айқын дәлелі – БҚО шағын бизнес қауымдастығы
«Кәсіпкерлік қызметтің жағдайын жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы - тұрақты экономикалық даму бағытының айқын дәлелі, деп есептейді «Шағын бизнес орталығы» қауымдастығының директоры Ш. Махмұдов.
«Мемлекет басшысының Жарлығы - шағын және орта бизнес қызметін жоспарлы түрде тексеруге тиым салатын мараторий, тексеру форматтарының қайта қаралауы, кәсіпкерлерге қойылар талаптың азаюы мен ШОБ субъектілерін жою рәсімдерінің жеңілдетілуі, бұл - сөзсіз тұрақты экономикалық даму бағытының дәлелі», - дейді Ш.Махмұдов.
Оның бағалауынша, Жарлық аясында жасалатын шаралар, Қазақстандағы бизнестің жаңа серпінді түрде дамуына мүмкіндік береді және қолайлы инвестициялық ахуал туғызады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: