«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төрелік орталықта әділдікке қол жеткізді

2016 жылғы 08 Сәуір
2827 просмотров

«Везерфорд-Қазақстан» ЖШС-нің екі  даулы мәселесі «Атамекен» ҰКП жанындағы Төрелік орталықта қаралып, әділ шешімін тапты

«Везерфорд-Қазақстан» компаниясы еліміздегі мұнай өндіретін кәсіпорындарға  заттай және персоналдық қызмет көрсетіп келе жатқан компания. Еліміздің түкпір түкпіріндегі өнеркәсіп ошақтарының бұл компанияның сапалы құрылғылары мен қызметтеріне сұранысы жоғары. Алайда, компания қызметін тұтынушы кейбір мекемелер келісім-шартты бұзып, құрылғылардың ақысын төлеуді кешеуілдетеді. Осы мәселені бір жақты шешу үшін «Везерфорд-Қазақстан» компаниясы борышкерлердің үстінен «Атамекен» ҰКП жанындағы Төрелік орталыққа арызданған.  

Компанияның заңгері Елдар Дәулеттің пікірінше, Төрелік орталықтың төрешілері аз уақыттың ішінде әділ әрі шынайы шешім шығарған. «Біздің компания «Атамекен» ҰКП жанындағы Төрелік орталыққа екі рет әділдік сұрап, борышкерлердің қарызын қайтаруына ықпал етуін өтінген еді.  Борышкер компаниялармен мұнай өңдеуші құрылғыларды сату-сатып алу туралы келісім-шарт жасасқан едік. Біздің тарап тапсырыс берілген құрылғыларды заңды тұлғаларға жеткізіп берді, ал тұтынушы компанияларымыз қызмет және құрылғылардың ақшасын қайтаруға асыға қоймады. Олар келісілген уақытта қызмет ақысын төлемегеннен кейін, бізге Төрелік орталыққа шағымдануға тура келді»,– дейді ол.  

Заңгердің сөзіне қарағанда, келісім-шартта дау-дамай туындаған жағдайда арбитраждық орталыққа жүгінетіндігі  көрсетілген.

Борышкер компаниялардың екеуі де еліміздегі ірі мұнай өңдеуші кәсіпорындар. Олардың алғашқысы «СТК Гео» ЖШС. Ол «Везерфорд-Қазақстан» ЖШС-дан жалпы құны 39 млн теңгені құрайтын құрылғы сатып алып, ақшасын қайтармайды. Сөйтіп  «Везерфорд-Қазақстан» ЖШС  2015 жылдың қаңтар айында қарызын қайтарып алмақ болып, төрелік орталыққа  талап-арыз жазады. Іс Төрелік орталықта шамамен бір жарым ай көлемінде қаралып, төрешілер тарапынан келісім-шарттың талаптары ескеріле отырып,    әділ шешім шығарылған.  

Ал екінші мәселе, «Каспий Ойл Газ»  ЖШС мен «Smartek» компаниясы  бірлесіп,  зардап шегуші компанияның жалпы сомасы 235 млн теңгені құрайтын құрылғылары мен қызмет түрлерін пайдаланған. Алайда қаражатты уақытында қайтармағандықтан, бұл кәсіпорындардың ісі Арбитраждық орталыққа жетеді. Бұл компаниямен арадағы тартысты шешу мақсатында Төрелік орталыққа 2015 жылдың желтоқсан айында арыз беріледі.  Ал биылғы жылдың басында талапкер компанияның өтінішін қанағаттандыратын шешім күшіне еніп, қарыз толығымен қайтарылды.

Компаниялардың дауы үш төрешінің талқылауынан өтіп, тараптардың келісім-шарттағы талаптарының негізінде объективті шешім шығарылды. Айта кету керек, төрешілердің қатарында белгілі заң маманы, з.ғ.д., профессор  С.И. Климкин де бар.  

Кәсіпорын өз жұмысына қатысты барлық даулы мәселелерді шешу үшін, Халықаралық Арбитраждық орталыққа жүгініп келген екен. Ал бұл ұйым  2014 жылы   «Атамекен» жанына Төрелік орталық болып қайта құрылғаннан кейін де орталықтың көмегіне сүйенуді жалғастырып  келеді. «Төрелік орталығының жұмысы барынша шынайы әрі әділ жүргізілуі біздің орталыққа деген сенімімізді күшейте түседі. Біздің бір емес, екі рет арыздануымыз бұл орталыққа деген сенімімізді білдіреді», –дейді заңгер Елдар Дәулет.     


Еншілес ұйымдар

Серіктестер