«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік орган сатып алулар кезінде заң бұзған

2016 жылғы 08 Сәуір
- Жетісу облысы
9275 просмотров

Мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңбұзушылықтар жүйелі сипат ала бастаған

Бұл туралы ӨКП құқықтық бөлімінің І-категориялы заңгері Айдар Қажымұқан Алматы облыстық соты ұйымдастырған «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңнамасының құқық қолдану тәжірибесі» деп аталатын дөңгелек үстел басында айтып берді.

Сарапшы Алматы облысының сот, прокуратура және қаржылық бақылау инспекциясының өкілдерінің назарын мемлекеттік сатып алуларға тапсырыс беретін мемлекеттік органдар жауапкершілікті заңсыз жолмен орындаушыларға, яғни бизнесмендерге жүктемек болғанына аударды. Заңгер Айдар Қажымұқанның айтуынша, мемлекеттік органдардың уақытылы шарттарды ұсынбауы себепті бірқатар компаниялар мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушылары реестріне енгізілген. «Тапсырыс берушілер тарапынан болған мұндай басқа да заңбұзушылықтар бар және олар «Арх Көксу» ЖШС, «ЭнергоРесурсСнаб» ЖШС, «Жетісу сәулет құрылыс» ЖШС, «Талдықорған геодезия кварц» ЖШС-да туындаған. Тапсырыс беруші Алматы облысы құрылыс басқармасы болды. Жекелей тапсырыс берушілер атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғаннан кейін орындалған жұмыстар ақысын толық төлемейтінін айта кету керек», – деді сарапшы.

Осыған ұқсас өтінішпен ӨКП филиалына «Казторгтехника» компаниясы да жүгінген. «Қапшағайжылу» мемлекеттік кәсіпорны оларға 8 млн. теңге көлемінде қарыз болған. Ал «Талдықорғанводпроект институты» ЖШС-на үш аудандық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 23 млн. теңгеге жуық сома қарыз болған».

«Айқын заңбұзушылық орын алған жағдайлардың бәрінде сот жеке ұйығарымдар шығара бермейді. Сондықтан соттардың тапсырыс берушілер тарапынан орын алған заңбұзушылықтарды анықтау және тиісті істерді қарау кезінде жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесін енгізуді ұсынып отырмыз», – деді А.Қажымұқан. Айтылған пікірлерге құлақ асқан Алматы облысы азаматтық істер бойынша сот коллегиясының төрағасы Қалдарбек Досымов Палатаның бұл ұсынысын қолдайтынын мәлімдеп, соттарға бұл тәжірибені қолданысқа енгізу тапсырмасын берді. Кәсіпкерлер дәлелдері сотта толық қанағаттандырылады деп үміттенеміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер