«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай экономикасындағы проблемалар Қазақстанға да әсер етеді

2016 жылғы 08 Сәуір
24676 просмотров

Бүкіл қазақстандық экспорттың 12%-ы және импорттың 17%-ы Қытайдың үлесіне тиесілі

ҰКП-ның Жиынтық талдау департаменті Қазақстан-Қытай экономикалық қатынастарының қазіргі ахуалына қысқаша шолу ұсынды

Азиялық даму банкінің наурыз айындағы мәліметтері бойынша, 2016 ж. Қытай экономикасының өсімі 6,5%-ды,  2017 ж.  6,3%-ды құрайды. Қытай экономикасы бәсеңдеуінің себептері арасында АДБ елдің жұмысқа қабілетті тұрғындарының азаюын атап көрсетеді, сондай-ақ, экономикалық өсім моделінің құрылымдық өзгерістері экспорт пен инвестицияларға емес, тұтынуға негізделеді. АДБ Қытайдың мұндай құрылымдық өзгерісін Азияның дамушы елдері үшін үлкен қатер деп санайды.

АДБ болжамдары бойынша, Азия елдеріндегі экономиканың өсімі жалпы алғанда үлкен болмайды – 2015 жылғы 5,9%-бен салыстырғанда  2016 және 2017 жылдары 5,7% болады. Өнеркәсіп тауарларына сұраныстың төмендеуі және шикізат бағасының түсуі Азияның дамушы елдерінің ағымдағы шоттарының профициті 2015 ж. 2,9%-бен салыстырғанда, биылғы жылы 2,6%-ға дейін қысқаруына алып келеді.

Қытай экономикасының проблемалары Қазақстанға да әсер етеді. Қытай Қазақстанның көлемі жағынан екінші сауда әріптесі болып табылады. 2015 жылы Қазақстандық экспорттың 12%-ы және импорттың 17%-ы Қытайдың үлесіне тиді. Бұл тұрғыда осы үлестер, 2014 жылдан бастап төмендей бастады, мысалы, 2011 ж. Қытайдың Қазақстан экспортындағы үлесі 18,5%-ға жеткен болатын. Тұтастай алғанда, Қытаймен тауар алмасу – экспорт та, импорт та қатарынан екі жыл бойы қысқарып келеді.

Қазақстанның Қытаймен 2008-2015 жж. тауар алмасуы


Қазақстан мен Қытай арасындағы сауданың құрылымындағы әртараптандыру деңгейі өте төмен. Қытайға экспортталатын тауарлар құрылымында шикізат ресурстары басым. Алайда, Қытай тарапынан сұраныстың қысқаруы экспорттың құрылымына ықпал етті. Қытайға экспорт көлеміндегі минералдық өнімдердің үлесі айтарлықтай төмендеді, өткен жылғы 64,8%-бен салыстырғанда 2015 ж. 45,8%-ды құрады.

Қытайдан келетін импорттық жеткізілімдер машинаға, құрал-жабдыққа, металлургияға, химия және жеңіл өнеркәсіпке шоғырланған. Барлығын қосқанда, Қытайдың Қазақстанға импортының 60%-дан астамы осы тауарлардың үлесіне тиесілі. 2015 жылы қытайлық импорттың төмендеуіне тоқыма бұйымдарының (42,8%), машиналар мен құрал-жабдықтардың (71%), сондай-ақ, металл мен одан жасалған бұйымдардың (84%) екі еседен астам қысқаруы әсер етті.

Шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) жалпы ағыны да сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дәрежесін бейнелейді. Соңғы жылдары Қытайдан келетін ШТИ Қазақстан алған жиынтық инвестицияларда орташа 7-8%-ды құрады. Алайда, 2013 жылдан бері Қытайдан Қазақстанға келетін ШТИ көлемі қысқара бастады, оған қоса, 2015 жылдың 9 айында минусқа жетті, бұл қазақстандық кәсіпорындардың ШТИ бойынша зиян шеккенін көрсетеді.

ШТИ-ға кіретіндер: капиталға қатысу құралдарының ұлғаюы, қайта инвестицияланған кірістер/шығындар, борыштық құралдардың ұлғаюы).

Дереккөздер:ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитеті, ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті, АДБ баяндамасы (2016 ж. наурыз).  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер