«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Саумалкөл ауылындағы инновация

2016 жылғы 08 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
18529 просмотров

Айыртау ауданының фермері Қазақстанда бірінші рет сүт құйып сататын автоматтың көмегі арқылы сүт сатумен айналыса бастады

Жаңа сауылған, пастерленген сүтті стақандарға немесе шөлмектерге құятын арнайы автоматтар бизнесмен, «Прекрасное» ШҚ-ның  төрағасы Бақыт Құсайыновтың  өз қаражатына сатып алынған

Айта кетерлігі, сүт автоматтарының отаны Швейцария болып табылады, мұнда олар жиырмасыншы ғасырдың басында пайда болған. Егер еуропалық кәсіпкерлердің практикасына сенер болсақ, сүт автоматтарын пайдалану шағын бизнестегі перспективалы бағыт болып саналады.

Сүт бизнесінде қамтылған кәсіпкерлер бұған дейін де бұл аспап туралы естуі, тіпті көрген болуы да мүмкін, бірақ оны сатып алуға бағасына байланысты шамалары келе бермейді. Мұның мәнісі мынада, еуропалық сүт автоматтарының нарықтағы бағасы 2 млн. теңгеден басталады немесе 6 мың долларға дейін жетеді, сол себепті кез келген ауыл фермері немесе компания оны сатып ала алмайды. 

Алайда, «Прекрасное» ШҚ басшысы Бақыт Құсайыновты бұл фактор онша қорқыта қоймады. Ол оны бір көргеннен-ақ  өзінің қожалығы үшін осындай аппаратты сатып алу идеясына қатты құмартты, ал бұл Ресейдің Томск қаласына іскерлік сапар кезінде болған еді. Сол жерде зауыт мамандарымен кеңесіп, бәрін салмақтап-саралап, біраз уақыт өткеннен кейін Бақыт Мәжитұлы осындай сүт автоматының біреуін емес, жалпы сомасы 8,5 млн теңгеге төртеуін бірақ сатып алды. Олардың екеуі Саумалкөл ауылында тұрады, ал тағы екеуі – Жаңа Есіл ауылында.  

«Сүт – жаппай тұтынатын тауар, ол күн сайын сатылады және елдегі экономикалық жағдаятқа тәуелді емес. Бірақ, кәдімгі орамадағы пастерленген сүт барлық тұтынушыларға бірдей ұнай бермейді.  Көбісі жаңа сауылған сүт алу үшін ауылдарға барады немесе оны фермерлік бөшкелерден сатып алады, бұны ыңғайлы деп айта алмас едік. Ауылға бару уақытты алады, ал бөшкелерді әдетте белгілі бір күндері ғана алып келеді, оған қоса мұндай бөшкедегі сүттің сапасы да гигиеналық нормаларға әрдайым сәйкес келе  бермейді. Ал, сүт автоматы сүтті фермадан соңғы тұтынушыға дейін жеткізудің айрықша, жылдам әрі арзан тәсілі болып табылады. Ол сүтті сатудың шығыны да аз және сатушының болуын қажет етпейді, мұның өзі адам факторын жоққа шығарады, эстетиканы, зарарсыздықты, гигиенаны арттырады және кірісті көтереді», – дейді «Прекрасное» ШҚ басшысы Бақыт Құсайынов.

Бизнесмен мал шаруашылық кәсіпорнын заманауи жабдықтау – оның тұрақтылығы мен табысты дамуының бір кепілі екендігіне сенімді, ал сатып алынған сүт автоматтары оның бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.

Бақыт Мәжитұлы арнайы автоматтардан сатылатын сапалы әрі арзан сүт тұтынушылардың талғамына сай келетініне, ал осы бизнеске салған қаражаты міндетті түрде жылдам өтелетініне және кірісті молайтарына шүбә келтірмейді. Оған қоса, автоматтағы 1 литр сүттің бағасы 150 теңге көлемінде қойылады, бұл сүт аналогтарының нарықтық бағасымен салыстырғанда анағұрлым төмен.  

«Бұл инновациялық жобаны іске асыру жаңа сауылған сүтті үйіңе жақын жерден сатып алуға мүмкіндік береді – сүт автоматтары осындай жерлерде орналасады. Оларды ешбір қиындықсыз үлкендер де, балалар да пайдалана алатынын атап айтқым келеді. Кез келген өзге де автоматтар сияқты, сүт автоматында да тиын  және қағаз ақшақабылдағыш бар, ол 10, 20, 50, 100 теңгеліктерді және 200, 500 теңге банкноттарды қабылдайды. Сүтті сатып алу үшін  тұтынушы шөлмекті сүт беретін терезеге қойып, тұтқышқа бекітуі тиіс, содан кейін ақшаны енгізіп, көлемді – 1 немесе 2 литрді таңдайды. Одан әрі «старт» түймешігін басып, шөлмек толғанға дейін шамалы күтіп тұрады. Қайтарылатын ақшаны «қайтару» деген түймешікті басу арқылы алады. Айтпақшы, кез келген сатып алушы «пауза» түймешігін басып, сүтті құюды тоқтата алады. Қысқасы, күрделі ештеңесі жоқ», – дейді жергілікті Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Қалымов.

Бүгінгі таңда 20-дан астам адам еңбек ететін шаруа қожалығында 200 бастан астам мүйізді ірі қара бар, олардың 145-і сүтті малдар. Өткен жылы мұнда автоматтандырылған сүт түтігі, сауу аппараттары, қи жинағыш, автоматтандырылған науалар орнатылды. Ал 2013 жылы кәсіпкер ағаш сүрегін қайта өңдеуге арналған цех ашу үшін БЖК – 2020 бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды және оның өнімін мал шаруашылық базаларын салу кезінде пайдаланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер