«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмыспен барлығы қамтылуы тиіс

2016 жылғы 07 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
11012 просмотров

Бос жұмыс орны жәрмеңкесін СҚО Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл ауданындағы филиалы мен жергілікті Жұмыспен қамту орталығы бірлесе ұйымдастырды

«Шара жұмыссыздарға қолайлы жұмыс табуға, ал жұмыс берушілерге қажетті жұмысшылар таңдауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды. Өткізіліп жатқан шараның әлеуметке бағытталған мақсатын жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге мүгедектерді жұмысқа орналастыру жөнінде арнайы жадынамалар дайындап, тараттық. Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес, Жадынамаға жұмыс беруші мен мүгедек-жұмысшылардың өзара еңбек қатынасын реттейтін баптар мен мүгедектерді әлеуметтік қамту туралы заңнама бұзылған жағдайдағы әкімшілік жауапкершілік шаралары енгізілді», – дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалының директоры Наталия Лазарева.

Шараға қатысқан аудандық прокуратураның прокуроры Алмас Асаинов еңбек шартын жасауға қатысты еңбек заңнамасын түсіндіріп берді.

Аудандағы жұмыс берушілерден барлығы 46 бос жұмыс орны мен бос қызмет орнына өтінім келіп түскен. Алайда, бос жұмыс орны жәрмеңкесінің нәтижесінде, жұмыс іздеушілердің басым бөлігінің арнайы кәсіби мамандығы болмағандықтан, үш адам ғана жұмысқа жолдама алды. Десек те, жәрмеңкені ұйымдастырушылар бұл мәселенің де шешімін таба алды.

Сонымен, 21 адам «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты – «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту» бойынша жұмысқа орналастырылады. Олар Пресновка мен Благовещенка ауылдарындағы білім беру мен мәдениет нысандарын жөндеу жұмыстарына тартылады. Ал 9 адам аталмыш бағдарламаның үшінші бағыты бойынша қайта даярлаудан өтетін болды.

Айта кетерлігі, бос жұмыс орны жәрмеңкесі ауданда жылына екі рет тұрақты өткізіліп тұрады. Осы шараға дайындалу мен ұйымдастыру барысында жұмыс берушілердің нақты мамандықтар бойынша жұмысшыларға деген қажеттілігі анықталып, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмыскерлерді қайта оқыту жоспарланып, жүзеге асады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер