«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылық кәсіпкерлердің 3,9 млрд. теңгесі үнемделді

2016 жылғы 07 Сәуір
- Алматы қаласы
8543 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау бағыты бойынша бірінші тоқсанның қорытындысын шығарды

«Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің және Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының бірлескен отырысы барысында Алматы қ. ӨКП директоры Юрий Тілеумұратовтың бизнесті қорғау бағытында атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалды.

Оның деректері бойынша, 2016 жылдың басынан бері бизнесті қорғау бағыты бойынша Алматы қ.  Өңірлік кәсіпкерлер палатасына 113 шағым түскен, олардың арасында мәселенің мәнісі бойынша – 68-і қаралды, оның ішінде оң шешілгені – 23.

«2016 жылдың басынан бері кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары 3,9 млрд. теңге сомасында қорғалды, соттың оң шешімі шығарылғаны – 9, МКД ескертулеріне шағым жасалғаны – 3, лицензия алынғаны – 2, шағым нәтижелері бойынша прокуратура органдары  4 прокурорлық жауап қату актісін енгізген. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің 2 отырысы өткізілді, онда 6 шағым қаралып, 2 мәселе оң шешімін тапты, ал қалғандары бойынша жұмыс жүргізілуде. Салыстыратын болсақ: 2014 жылы Палата кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтарын 613 млн теңге сомасында қорғаған, 2015 жылы бұл сома 3,8 млрд теңгені құрады», – деп баяндады Юрий Тілеумұратов.

Өңірлік палата қызмет еткелі бері ең көп шағым түскен салалар мынадай: салықтық құқықтық қатынастар (20%);  кәсіпкерлер арасындағы дау-жанжал (14%); жер, сәулет-құрылыс мәселелері (10%); сатып алулар (7%); лицензиялар мен рұқсатнамалар  (4%); қаржы секторы (4%); көлік  (3%) және т.б.

Кәсіпкерлердің мүліктік мүдделерін қорғаумен қатар, Палата кәсіпкерлердің мүліктік емес құқықтарын қорғау жөнінде де жұмыс жүргізеді. Айталық, Палата сарапшылары «Intisarmed» ЖШС-нің мүдделерін Алматы қалалық сотында қорғауға ықпал еткен. Алматы қ. Медеу аудандық сотының шешімімен медицина орталығы – балалар стоматологиясы орналасқан үйдің бір топ тұрғындарының талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Серіктестікті GX DP-300 моделінің панорамалық рентген қондырғысын сондай-ақ, медицина орталығында орналасқан сорғыш арналар мен ауа бөлгіштерді бұзып алып тастауға міндеттеген. Бұл шешімнің қабылдануы лицензияны қайтарып алуға және медицина орталығының жабылуына әкеп соғуы мүмкін еді. Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясының қаулысымен аудандық сот шешімінің сорғыш арналар мен ауа бөлгіштерді бұзып алып тастауға қатысты тұстары өзгертілді.  

Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алуларға қатысушы компаниялардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша да жұмыс жүргізілуде. Палатаның көмегімен «IT Integra» ЖШС, «Уральск Маз Сервис» ЖШС, «GoldenMaken» ЖШС, «Алматы – CONSTRUCTION.БМ» ЖШС, «ASIA Құрылыс N.А.» ЖШС, «Салон эксклюзивных шляп «Ele Gant» ЖШС, «Торговая Компания Рос-Авто» ЖШС, «Империя БИО» ЖШС, Османов Р.З. ЖК, «T-SKLAD» ЖК, «ESTATE» ЖК-лерінің осы кәсіпкерлерді мемлекеттік сатып алулар бойынша жауапсыз қатысушылар деп тану туралы шағымдарына қатысты құқықтары мен мүдделері қорғалды.

Мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушылары деп танылған және тиісті тізілімнен шығарылған кәсіпкерлер соттың оларды мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмайды.

Кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың көпшілігі үшін дәл осы мемлекеттік сатып алуларға қатысу табыс табуға, өндірісті дамытуға, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлкеттік сатып алуларға қатысушы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғай отырып, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы өндірісті дамытуға және жұмыс орындарын сақтап қалуға ықпал етіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер