«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда жасалған: «Есо Тop» – төзімді жолдың кепілі

2016 жылғы 07 Сәуір
- Қостанай облысы
8725 просмотров

Жетіқарада асфальтбетон сапасын жақсарту үшін хризотил талшығынан жасалған «Eco Top» атты тұрақтандырғыш қоспа шығарылады

Қоспаны әзірлеушілердің сендіруінше, оны қолдану арқылы автомоблиь жолдарын пайдалану мерзімін бірнеше жылға ұзартуға болады.

Жеке кәсіпкер іске асырып отырған жаңа жоба хризотил кенін шығарып, қайта өңдейтін «Қостанай минералдары» АҚ өндірісін әртатаптандырудың бір түрі екен.

Идеяның өзі бірегей болғанмен, Қазақстан үшін бұл алғашқы тәжірибе болмақ. Минералды талшық ерекше қасиетке ие. Ол сумен әрекеттеспейді, жылуға барынша төзімді және үйкеліс коэффициенті де жоғары, ең бастысы, жол жабындысын тез арада бұзылудан және ой-шұқырлардың пайда болуынан сақтайтын микроарматуралау әсеріне ие. 

Оны әзірлеушілердің айтуынша, қоспаны ұсақтасты асфальтбетонға пайдаланған жағдайда, автожолдардың қызмет көрсету мерзімі кем дегенде 3-4 жылға ұзарады екен.

«Бүкіл Канада, Бүкіл Солтүстік Америка хризотил талшықтарды пайдалану арқылы жасалған тура осындай жолдарды пайдаланады. Мұндай қоспаны Ресейде де шығарады. Оны «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының кейбір бөліктерінде қолданды, нәтижесі жаман емес. Біздің есебімізше, өніміміз барлық баламаларға қарағанда 50%-ға арзан болады әрі сапасы жағынан олардан мүлде қалыспайды. Бұл жүргізілген лабораториялық зерттеулер аясында дәлелденді», – дейді «Қостанай менералдары» АҚ даму департаментінің директоры Олег Лескин.

«Eco Top» қоспасын пайдалану пайдалану айтарлықтай үнемді деп сендіреді оны әзірлеушілер. Бір тонна асфальбетонға үш келідей өнім кетеді екен. Өндіріс бір айдан соң, қажетті құрал-жабдықтар алынып, орнатылғаннан кейін ашылады. Жаңа жобаны жүзеге асыруға Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы қолдау көрсетуде.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Палатаның қолдауымен әрі қаржыландыруымен Жетіқарадағы «Қостанай менералдары» АҚ-ның «Эталон 2013» фирмасы хризотил ұнтағының негізіндегі «Альта» құрылыс қоспаларын ығара бастаған болатын. Оны пайдалану арқылы материал шығынын азайтып, оның беріктігін арттыруға және үй-жайдың жылу сақтауын арттыруға болады. Бүгінде тауар Қазақстанның және жақын шетелдердің құрылыс саласында сұранысқа ие.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер