«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Франшизалық бизнес

2016 жылғы 07 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
11577 просмотров

Танымал ресейлік бренд «МИО» көзілдіріктерін енді Өскеменнен де сатып алуға болады

Жергілікті бизнес-ханым Карина Закарьянова ресейлік «МИО» компаниясының франшизасына ие болған алғашқы қазақстандық атанды. «МИО» көзілдіріктерін Қазақстан бойынша тек қана Өскеменнен сатып алуға мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның басқа қалаларынан да дүкендер ашу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл салонда көзілдірік таңдауға сатушы-кеңесші ғана емес, алдымен, дұрыс линза таңдау үшін тапсырыс берушінің көзін тексеріп беретін оптометрист дәрігер де көмектеседі. Бұл қызмет тегін көрсетілетінін айта кету керек. Ал жеке тапсырыс бойынша линза дайындауға төрт күннен алты күнге дейін уақыт кетеді екен. Диоптриялармен линзалар «МИО» компаниясының Мәскеудегі жеке зауытында жасалады. «МИО» салонының қызметкерлері біліктіліктерін Мәскеуде жетілдірген.

«Мен нарықты ұзақ зерттедім, ақыр соңында таңдауым ең бір жақсы компанияға түсті. Ресейде «МИО» көзілдіріктері жоғары сұранысқа ие. Компанияның  ең сапалы материалдан линза дайындайтын жеке зауыты бар. Ол материал Essilor француз фирмасынан алынады», – дейді «МИО» салонының иесі Карина Закарьянова.

«МИО» оптика дүкеніндегі тауарлардың сапасы жоғары, бағасы қолжетімді. Өскемен халқы көзілдірікке жиектеме сатып алар болса, 5000 теңгеге линзаға тапсырыс бере алады. Барлық линзалар арнайы мультижабындылармен қапталған, ол линзаны сырылудан сақтайтын көрінеді. Диоптриялары үлкендерге өте жұқа линзалар ұсынылады. Оған қоса, «МИО» оптика дүкенінде компьютерге және күннен қорғауға арналған көзілдіріктердің түр-түрі сатылады.

Қазақстандағы «МИО» франшизасының иегері Карина Закарьянованың айтуынша, «МИО» брендін дамыту оңай екен. Франшизаның әлеуетті тұстарының бірі – дағдарысқа қарсы тиянақталған құны.

«Қазақстанда «МИО» оптикасының баламасы болмағандықтан, бәсекелестеріміз жоқ. Оған қоса, «Давай поженимся» телебағдарламасының танымал жүргізушісі Роза Сябитова компанияның жарнамалаушысы», – дейді оптика салонының иесі.

Айта кетерлігі, МИО оптикасы – осы тақылеттес жобаларды ілгерілетуде айтарлықтай мол тәжірибесі бар «Айкрафт» холдингінің жаңа франчайзингтік жобасы. «Айкрафт» оптикалар салонының франчайзингтік жобасы Ресейдегі қарқынды дамып жатқан франшизалардың үздік жүздігінің қатарына кіреді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер