«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Виктор Христенкоға ЕАЭО Іскерлік кеңесінің жұмысына қатысуды ұсынды

2016 жылғы 06 Сәуір
9224 просмотров

ҰКП-да «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың Виктор Христенкомен кездесуі өтті

В.Христенконың 2012 жылдан  2015 жылға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарғанын айта кетейік.

Кездесу барысында интеграцияның ағымдағы ахуалы, Одаққа мүше-елдер бизнесінің еуразиялық процестер жағдайындағы әлеуетті мүмкіндіктері, сондай-ақ, кәсіпкерлік бастамаларды дамыту перспективалары талқыланды.

Тимур Құлыбаев Одақ бизнесі үшін сұхбаттасу алаңын құру туралы бастаманы «Атамекен» ҚР ҰКП ұсынғанын және мүше-мемлекеттердің іскерлік орталарында жан-жақты қолдауға ие болғанын атап көрсетті, соның нәтижесінде 2015 жылдың 21 мамырында Астанада интеграцияның кеңейтілген форматы жағдайында Іскерлік кеңес туралы уағдаластыққа қол қойылды.

Іскерлік кеңес қызметінің негізгі мақсаттары – Одаққа мүше-мемлекеттердің іскерлік орталары арасында үйлестірілген ұстаным және сұхбаттастық  әзірлеу, тікелей байланыстарды жолға қою, жан-жақты ынтымақтастыққа тарту, сауда-экономикалық қатынастарды, Одақ аясында өнеркәсіптік және қаржы ынтымақтастығын дамытуға ықпал ету, мүше-мемлекеттер территориясында экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды іске асыруға атсалысу және басқалары.

Қазіргі уақытта еуразиялық интеграцияның тереңдеуі, сондай-ақ, бизнес-қоғамдастықтың бірлескен әлеуетті пайдалану жөніндегі күш-қуатты біріктіруге ұмтылысы алға қойылған міндеттерді шешу мақсатында жаңа құралдарды құру қажеттілігін талап етеді.

Осыған орай, В.Христенконың еуразиялық интеграцияны құрудағы және қалыптастырудағы практикалық тәжірибесін ескере отырып, Тимур Құлыбаев,  биылғы жылы ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасының төрағасы ретінде,  Виктор Христенкоға Іскерлік кеңестің жұмысына тікелей қатысу туралы өтініш жасады.

«Атамекен» ҚР ҰКП басшысының пікірі бойынша, В.Христенконың жоғары біліктілігі мен құзыреттілігі іскерлік орталардың Одаққа мүше-мемлекеттермен әріптестік сұхбатын іс жүзінде жандандыруға және де, соның нәтижесінде, сыртқы сауда байланыстарының бәсекеге қабілетті қатысушысы ретінде әлемдік экономикалық сахнаға шығуына мүмкіндік береді.

«Атамекен» ҚР ҰКП мүше-мемлекеттердің бүкіл бизнес-қоғамдастығының,  сондай-ақ, тікелей Виктор Христенконың өзінің Іскерлік кеңес төрағасы лауазымына тағайындауға келісім беруі Одаққа мүше-мемлекеттердің кәсіпкерлері үшін Іскерлік кеңестің алдыға қойған мақсаттарын іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеді, сонымен бірге бұл қолданыстағы бағыттар аясында ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша серпін береді.

Сонымен, бүгінгі күні өте мұқият әрі белсенді жұмыс істеуді талап ететін маңызды мәселелердің бірі Одаққа мүше-мемлекеттер өндірістерінің өнеркәсіптік кооперациясын құру болып табылады. Іскерлік кеңеске қатысушылардың барлығының мүддесі ескерілетін дұрыс тәсілді қолданғанда, сондай-ақ, бизнестің шоғырландырылғын айқындамасын Одақтың жоғары басшылығы алдында тиісті дәрежеде білдірген жағдайда өнеркәсіп саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды және бірдей қатысуды қамтамасыз ететін жанасу нүктелері табылатын болады.

Оған қоса, тұрақсыз экономикалық ахуал  және де жалпыәлемдік дағдарыс жағдайында еуразиялық интеграция үшін дәл В.Христенкодай маңызды тұлғаның қатысуы Іскерлік кеңес үшін алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде және Одақтың бизнес-қоғамдастығының кәсіпкерлік әлеуетін пайдалануда катализатор бола алады.

Жалпы алғанда, Іскерлік кеңес Виктор Христенконың қатысуымен өзекті проблемаларды кәсіпкерлердің шоғырландырылған ұстанымы ретінде ЕЭК-ның және уәкілетті мемлекеттік органдардың құзырына жеткізу жағынан, сондай-ақ, олардың шешімін іздестіруде Одаққа мүше-мемлекеттер бизнес-қоғамдастығының тиімді құралына айналады.

Іскерлік кеңестің шешім қабылдауының басты қағидасы барлық Тараптардың бәтуаластығының болуы екендігін назарға алатын болсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП аталған алаңға қатысушылардың келісімін алу үшін тиісті ұсыныс жолдауға ниетті.

Жаңа лауазымды реттеу Астана қаласында мамыр айында өтетін Іскерлік кеңестің екінші отырысы барысында жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта «Атамекен» ҚР ҰКП Іскерлік кеңестің тараптарымен бірлесіп, Күн тәртібін жасау жөніндегі жұмысты жүргізуде, оған Одақтың бизнес-қоғамдастығы үшін аса сезімтал мәселелер енгізіледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер