«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығармашылық талант иелеріне құрмет көрсетілді

2016 жылғы 06 Сәуір
- Қостанай облысы
10586 просмотров

Қостанайда Меценаттар клубы сыйлығының иегерлері салтанатты түрде марапатталды

Кәсіпкерлер тағайындаған қаржылай марапат 32 шығармашылық мамандық иегерлері мен екі ұжымға табыс етілді.

Ғылым мен өнердің дарынды өкілдерін марапаттау – Клубтың басты міндеті. Клуб 15 жыл бұрын құрылғанымен, елімізде әлі басқа баламасы жоқ. Бүгінгі таңда оның құрамына облыстағы ірі компанияларға басшылық ететін 22 кәсіпкері кірген. Олардың басым бөлігі Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелері. Клубты Өңірлік кеңестің төрағасы, «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директоры Василий Розинов басқарады.

Биыл марапаттау рәсімі керемет концерттік шоуға ұласты. Кеш қонақтары байқаудың биылғы жылғы жеңімпаздарымен қатар, өткен жылдар жеңімпаздарының да өнерін тамашалады.

Ақпан айының аяғында тәуелсіз комиссия мүшелері байқауға өтінімдер қабылдап, жасырын дауыс беру арқылы «Әдебиет», «Журналистика», «Вокал», «Музыка», «Білім беру» сияқты 12 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Айта кетерлігі, биылғы жылы «Қазына» сыйлығының мөлшері 1 миллион теңге тең болса, «Шабыттікі» 500 мың теңге.

«Марапатқа нағыз еңбегі сіңген, дарындылар ие болды. Біраз жылдан бері тағайындалып келе жатқан Клубтың сыйлығы ақшалай мәні жағынан ғана маңызды емес. Лауреат атану – абырой мен құрметтің белгісі. Меценаттар ешкімге ықпал жасамайды, біз толығымен комиссияның беделді мүшелеріне иек артып, солардың таңдауына құлақ асамыз. Осыдан 15 жыл бұрын іргетасы қаланған бұл қайырымды дәстүр әлі де көптеген жылдарға жалғасады деген сенімдемін», – деп мәлімдеді қостанайлық меценаттар клубының президенті Василий Розинов.

Салтанатты кешке қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Меценаттар клубының өңірдің мақтанышына айналғандығын, ал оның мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға зор үлес қосып отырғандығын, мұның бүкіл Қазақстанға үлгі екенін атап өтті.

Клуб құрылғаннан бері жалпы сомасы 185,5 миллион теңгеге теңескен «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтарымен 399 адам мен 35 ұжым марапатталған. Оған қоса, меценаттар ауыр науқасты балаларға және жағдайы төмен жандарға тұрақты түрде қаржылай көмек беріп тұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер