Болат Палымбетов: «Билік бизнесті жан-жақты қолдауы қажет»
Биылғы жылдың ақпан айында Елбасының бұйрығымен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалған Болат Палымбетов жұмыс сапарымен өңірлерге шықты. Бірінші болып ол Батыс Қазақстан облысына барды
Сапар аясында БҚО әкімі Алтай Күлгіновпен, облыс прокуроры Серік Қарамановпен, сондай-ақ сапардың ең басты мақсаты – облыс кәсіпкерлерімен кездесулер өтті.
«БҚО, сонымен бірге бүкіл Қазақстан бизнесінің басты проблемалары жер, құрылыс, салық, экология салаларына қатысты. Бұл ҰКП жасаған талдау арқылы анықталып отыр, – деді кәсіпкерлермен кездескен Болат Палымбетов. – Бұл проблемаларды шешу үшін бүгінгі дағдарыс, мұнай бағасының құлдырауы кезеңінде бизнес пен билік арасындағы өзара түсіністік айқын болуы керек. Егер көмек бере алмасаң, жолдан былай тұр. Ал бюрократиялық кедергілерді азайту керек».
«Облыс әкімімен және прокурорымен өткен кездесу кезінде мұндай өзара түсіністікке қол жеткені көңіл қуантып отыр, – деді бизнес-омбудсмен. – Біз облыс әкімі Алтай Күлгіновпен Палата анықтаған проблемаларды бірге талқыладық. Әкім олар өңірлік деңгейде шешуге болатын проблемалар деп сендірді».
«Облыс әкімі жекелей алғанда жер телімдерін алу мәселесін жүйелі түрде аукциондар өткізу арқылы шешу тәсіліне қатысты жұмыстар басталып кеткенін және мұндай аукциондар 2016 жылдың 1 маусымынан бастап өткізілетінін айтты», – деді Болат Палымбетов.
«Сіздер Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің заң бойынша үлкен өкілеттіліктер мен мемлекеттік органдарға ықпал етудің маңызды тетіктеріне ие екенін білесіздер, – деді кәсіпкерлерге омбудсмен. – Алайда проблемаларды шешуді келісімдер арқылы, ымыраға келу арқылы шешуге болатын жағдайларда бұл тиімдірек және нәтижелі болмақ».
Еске салсақ, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл заң бойынша ҚР Президентіне ғана бағынып, қызметке де тікелей Елбасы бұйрығымен тағайындалады. Бизнес-омбудсмен үлкен өкілеттерге ие, мәселен шенеуніктер шешімдерін тоқтата тұру және бизнес-қоғамдастық талаптар қою құқықтары. Мемлекеттік органдар пікірімен келіспеген жағдайда ол бұзылған кәсіпкерлер құқығын бұдан ары қорғау мақсатында прокуратура органдарына өтініш жолдай алады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: