Шымкенттік ток айырғыштарға сұраныс көп
ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндірушіге инвесторлар мен өткізу нарығын табуға көмек берді
«Южказизолятор» ЖШС (бұрынырақ «Умид» ӨК) – Қазақстан бойынша фарфор электр айырғыштар шығаратын жалғыз өндіріс орны. Бұл өндіріс орны 2011 жылы іске қосылып, бүгінде 300-ден астам өнім түрін шығаруға қабілетті.
Бес жылдан бері компания қаржыландыру және өткізу нарығы бойынша проблемаларға кезігіп келген. Оған себеп компания өнімдерінің дұрыс айналдырылмағаны. Соған қарамастан, фарфор электр айырғыштарға деген сұраныс өте көп болғанмен, шымкенттік өндірістің Қазақстанда басқа баламасы жоқ. Жергілікті энергетикалық компаниялар айырғыштарды Ресейден, Белоруссия мен Украинадан сатып алады. Сырттан сатып алатын тауарға кететін шығын таңдай қақтырады – жыл сайын 150 млрд доллар!
«Біз электржелілері мен трансформаторларға қызмет көрсететін түркістандық «Айдын энэрджи» монтаждық басқармасын таптық. Оларға тұрақты түрде айырғыштар мен қорғағыштар қажет екен. Біз оларды «Южказизолятор» ЖШС өкілдерімен жолықтырдық, олар өнімдермен көзбе-көз танысып шықты. Айырғыштардың бағасы мен сапасы көңілдерінен шығып, 50 миллион теңгеге тапсырыс рәсімделді. Болашақта «Айдын энэрджи» аталмыш компанияның тұрақты тапсырыс берушісі атанады деген сенімдемін», – дейді ОҚО КП АӨК бөлім бастығы Арман Рауылбеков.
«Южказизолятор» ЖШС-ның директоры Анармет Толяновтың айтуынша, өндіріс орныны толық іске қосса, 40-тас астам адамды жұмыспен қамти алады екен. Ал кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 200 мыңға дейін ток айырғыш шығаруға есептелген. Палатаға келгеннен соң, компанияға екі ірі тапсырыс беруші табылғандығын атап өтсек, соның бірі Өзбекстаннан.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: