«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Рамстор» дүкендер желісі Алматы ӨКП-на алғысын білдіруде

2016 жылғы 06 Сәуір
- Алматы қаласы
8909 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары компанияның 66 млн теңгеге тең құқығын қорғап қалды

«Рамстор Қазақстан» ЖШС Кәсіпкерлер палатасына жүгініп, одан күрмеуі көп мәселенің түйінін шешуде көмек сұрады. 2016 жылдың 19 ақпанында компания Алматы қаласы Медеу ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасынан камералдық бақылау нәтижесінде анықталған 66 265 074 теңге көлеміндегі салықтық міндеттемені орындау туралы бірден алты хабарландыру алған. Бұл сома «Рамстор Қазақстан» ЖШС-ның серіктес компанияларының ҚҚС есептеп жіберу нәтижесінде пайда болған.

Супермаркет серіктестерінің кейбір келісімдері сот шешімі негізінде жарамсыз деп табылған. Қолданыстағы заңнама аясында салықтық берешекті төлеу туралы хабарлама автоматты түрде барлық серіктес фирмаларға да қоса жіберілген. Былайша айтқанда, дүкендер желісі «ниеті түзу емес серіктестермен» байланысамын деп, сан соғып қалған.

Бұл мәселеге Алматы Кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Бекежан Күнтаевтің араласуымен «Рамстор Қазақстан» ЖШС бұл келісімдерге отыруға қатыспағаны анықталған.

«Мәселе оң шешімін тапты. Салық төлеушінің құқықтары мен мүдделері қорғалды. «Рамстор Қазақстан» ЖШС  өз алғысын білдіріп отыр», – деп хабарлады «Рамстор Қазақстан» ЖШС баспасөз хатшысы Жұлдыз Ысқақова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер