Жер дауы
Егіндікөл ауданындағы шаруа қожалығының басшысы жарты жылдан астам уақыт бойы өзінің заңды құқығын дәлелдей алмай келген
Оның себебі өңірдегі белгілі ауылшаруашылық тауарларын өндіруші Владимир Бондаренконы жергілікті шенеуніктердің аяқтан шалуы болып отыр.
2015 жылдың мамыр айында «Лео» ШҚ басшысы Егіндікөл ауданының әкімдігіне жалпы ауданы 1380 гектар болатын жер телімдерін «Урожайное –2015» ЖШС жарғылық капиталына қосу үшін олардың нысаналы мақсатын өзгерту туралы арыз жазады. Бұл жер телімдері шаруа қожалығына байқау арқылы үлестірілген болатын.
Алайда жарты жыл бойы әкімдік арыз берушінің өтінішін орындамай келеді. Айтатын сылтауы да жаттанды: 2014 жылы басталған аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бұл жерлерге қатысты жалға беру шарттарын жарамсыз деп табу туралы талабы бойынша сот дауы.
2014 жылы «Лео» ШҚ пайдалануындағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер түрлендірілген, яғни ҚР Жер кодексінің 98-бабына сәйкес жайылымдық жерлер егістікке ауыстырылған.
Прокурорлық тексеріс барысында жер телімдерінің мақсатын алмастыру процедурасындағы заңбұзушылықтар анықталған, нәтижесінде оларды жою туралы ұсыныс тасталған. Бұдан бөлек, агрохимиялық очерк деп аталатын, жер телімдерінің сапалы сипаттамасын анықтайтын құжатты бұрмалау деректері де белгілі болды. Дәл осы жайт бөлімнің сотқа шарттарды жарамсыз деп табу туралы арыз жазуына негіз болған.
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты агрохимиялық очерк сипатының арыз беруші үшін міндетті емес, тек ұсыныс хат түріндегі құжат екенін айтып, мемлекеттік органның талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан. Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі облыстық апелляциялық сот алқасының қаулысымен бұл іс бойынша МАЭС шешімі өзгеріссіз сол қалпында қалып, бөлімнің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмай тастаған.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы да алғашқы және апелляциялық сот инстанциясының шешіміне өз үлесін қосты. ӨКП сарапшылары кәсіпкер мүддесін сот қарауының барлық кезеңдерінде қорғап бақты. Істің ақыры белгілі секілді көрінген. Алайда шешім заңды күшіне енгеннен кейін де, 2015 жылдың желтоқсанында аудан әкімдігі Бондаренкоға жер телімдерінің нысаналы мақсаттылығын өзгертуден бас тартқан.
Палата сарапшыларының бұл іске қайта араласуынан кейін ғана кәсіпкер талабы қанағаттандырылған.
Биылғы жылдың басында Егіндікөл ауданы әкімдігінің қаулысымен жоғарыда айтылған жерлерді серіктестіктің жарғылық капиталына енгізуге байланысты олардың нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығарылған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: