«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

АӨК немесе тағам өнеркәсібімен айналыссаңыз, миллиондаған қаржы беріледі

2016 жылғы 05 Сәуір
12157 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП аграрлық өнеркәсіп кешені мен тағам өнеркәсібі саласындағы жобаларды іздестіруде

ҰКП Бсқарма төрағасының кеңесшісі Александр Самойловтың мәлімдеуінше, жобалар Almex-Baiterek Fund пен басқа да қолжетімді қаржы көздері арқылы қаржыландырылады.

Оның айтуынша, жобаларды іздеу мен дайындау үшін құрылған талдау тобы мынандай жұмыстарды жүзеге асырады:

  • жобаға терең талдау жүргізеді;
  • жобаның қаржылық моделін әзірлейді;
  • жоба бойынша инвестициялық қорытынды дайындайды;
  • тікелей инвестиция қорларымен және стратегиялық инвесторлармен белсенді әрекет етеді;
  • даму институттарымен және қаржылық банктермен бірлесе қызмет етеді.

«Әлеуетті салалар ретінде АӨК пен тағамдық/қайта өңдеу өнеркәсіптеріндегі жобалар қарастырылуда. Оған қоса, атап айтарлығы, бастамашы кәсіпкерлер тарапынан жобаны талдау мен негізгі құжаттарды дайындауға ешқандай қаражат қажет емес», – деп түсіндіріп өтті ҰКП Басқарма басшысының кеңесшісі.

Өңірде жоғарыда сипатталған салалық талаптарға сай келетін, тереңінен пысықталған (өтелімділік есептері, тауардың өтімділік нарығы бар және сол нарықтың сыйымдылығын түсінетін) әлеуетті жобалары бар кәсіпкерлер болған жағдайда, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының директорлары жобалық топпен тікелей екіжақты байланысты және жобаны құрылымдау мен қаржыландыру бойынша одан ары қарайғы ортақ жұмысты қамтамасыз етулері қажет.  

Салалық талаптар

АӨК, тағамдық, қайта өңдеу өнеркәсібі

Жобаның минималды мөлшерлемесі/құны

100 миллион теңгеден бастап

Қаржыландырудың шектелмелі шарттары

Инвестициялар, айналым қаражатын толтыру

Қаржыландыру валютасы

теңге

Жобаға жеке өзінің қатысуы

20%-дан кем емес

 

Байланыс мәліметтері:
«Инвестициялардың тиімділігін зерттеу агенттігі» ЖШС
Жұмыс телефоны 8(7172)788900

Еншілес ұйымдар

Серіктестер