«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық қайтарылып берілді

2016 жылғы 05 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
7109 просмотров

Кәсіпкердің ауылшаруашылық техникасына төлеген салығы заңды болмай шықты

Осы жылдың ақпан айында СҚО Кәсіпкерлер палатасының Есіл аудандық филиалына шаруа қожалық басшысы Эдуард Ободзинский салық заңнамасына қатысты кеңес алуға келді. Эдуарда Владимировичті ауылшаруашылық техникасы үшін, нақтырақ айтсақ, ДТ-75 шынжыр табанды тракторына 2011 жылға төлеген салығы заңды ма деген сұрақ толғандырып келген. Айта кетерлігі, бұл салық 2015 жылы өсімпұлмен қоса төленген.

Осы мәселені қарау барысында 2011 жылы ҚР Салық кодексінде арнайы салықтық режим қолданылғандықтан, шынжыр табанды тракторға салық мөлшерлемесі болмаған.

«Шаруа қожалығының басшысына ДТ-75 шынжыр табанды тракторына төленген салық пен өсімпұлды қайтару туралы талаппен жазбаша арыз жазып, оны Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының бастығына жіберуге кеңес берілді. Мемлекеттік кіріс басқарамасы арызды қараған соң, Эдуарда Владимировичке 6239 теңге көлеміндегі төленген салығы мен өсімпұлы қайтарылып берілді», – дейді жергілікті КҚО-ның кеңес беруші менеджері Евгений Пьянков.

Соған қоса, ол мұндай жағдайлардың кездесіп тұратындығын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда көптеген шаруа және фермерлік қожалықтар ауылшаруашық техникаларына, соның ішінде шынжыр табанды трактор үшін салық төлеп қойған. Алайда, қажет болса, олардың да төленген салықты қайтарып алуларына мүмкіндік бар.

«Біреулер үшін бұл қомақты сома болмауы да мүмкін, алайда, мен сияқтылар көп қой. Сондықтан, ең бастысы әділеттілік керек деп ойлаймын. Иә, қазір мұндай шынжыр табанды тракторлар шығарылмайды, дегенмен, олар менікі сияқты шағын шаруа қожалықтары үшін аса қажет. Филалға көрсеткен көмегі мен берген кеңесі үшін алғысымды білдіремін», – дейді Эдуард Ободзинский.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер