Бизнес-курстар – кәсіпкерліктің алғашқы баспалдағы
«Бизнес-кеңесші» жобасы өз ісіңді ашып, жүргізуге көмек береді
Алматы облысында жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-кеңесші» жобасы жалғасын табуда. Жыл басынан бері облыс бойынша 132 адам оқытылған. Оған тәжірибелі кәсіпкерлер ғана емес, өз бизнесін бастауға ниеттілер де қатыса алады. Ал жыл сайынғы бизнес-курсқа қатысу үшін Өңірлік палатаға барып, өтініш қалдыру қажет. Осының негізінде топтар құрылып, курстар өткізіледі. Бизнес-кеңесшілер Александр Кузнецов пен Қайрат Оңғаров секілді тәжірибелі бизнес тренерлер.
«Бүгінгі күні бизнес ашып, оны дамытқысы келетін тұрғындар саны артып келеді. Оқуды аяқтағаны туралы сертификат алғандар болашақта гранттар мен жеңілдігі бар несиелерге үміт арта алады. Бұдан басқа біздің кеңестер мен ұсыныстар оларға бизнес ашуға және оны жүргізуге септігін тигізеді», –деді А.Кузнецов.
Екікүндік курстар аясында курсқа қатысушылар кәсіпкерлік пен маркетингтік қызметтің қыр-сырын танып, бизнес-жоспар құруға үйренеді, ұжымды басқаруды, бизнесті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдалану арқылы жүргізуді меңгеріп, құқықтық аспектілерге қаныға алады. Мәселен, былтыр қатысушыла арасында мал азықтарын өндіру технологиясын жасап шығарған «Сұлтан» шаруа қожалығы болды. «Бизнес-кеңесшінің» арқасында олар жабдық сатып алуға мемлекеттен грант ала алды.
«Біздің курстардан өткен көптеген кәсіпкерлер өздерінің бұрын қалай жұмыс атқарып келгеніне таң қалып жатады. Жедел сабақтар бизнесті жүргізу жолдары туралы көбірек ақпарат беруге мүмкіндік береді. Олардың көбі ЖК немесе ЖШС ашу кезінде жүктелетін жауапкершіліктің қандай екенін білмейтін болып шықты. Біз, сіздің ЖК тіркету арқылы қолыңызда бар мүлкіңізді де тәуекелге қоятыныңызды, ал ЖШС тіркеу арқылы сіз тек компания «мүлкінен» ғана айрылуыңыз мүмкін екенін түсіндіреміз. Айтпақшы, екеуіне төленетін салық көлемі де бірдей, тек жүктелетін жауапкершілік қана әр басқа», – деді бизнес-тренер.
Курс аяқталған соң қатысушылардың барлығы оқу материалдары мен курсты аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болады. Ал бұл айда «Бизнес-кеңесші» курстарына 141 адам жазылған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: