«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» консалтингті кеңейтеді

2016 жылғы 04 Сәуір
8420 просмотров

Қазақстан кәсіпкерлері үшін бизнес-консультациялар спектрі кеңейтілетін болады

Қазіргі уақытта «Атамекен» ҰКП-ның өңірлік өкілдіктерінде көрсетіліп жатқан консультациялардың тақырыптық диапазоны кеңейтіледі. Бұл перспектива жайында бүгін ОКҚ-де өткен брифингте «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов мәлімдеді.

«Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу» тәрізді қызмет түрі біз қалаған дәрежеде сұранысқа ие еместігін көріп отырмыз. Бұл бизнестің қазіргі таңда басқа нәрселерге мұқтаж екендігін көрсетеді»,– деп атап өтті Т.Шотанов.

Сонымен бірге, қазір 2015 жылы «Мемлекеттік жеке меншік кәсіпкерлік туралы» заңның қабылдануы арқылы ашылған перспективалар отандық кәсіпкерлердің үлкен қызығушылығын туғызып отыр.

«Бұл заң біздің бизнесіміз үшін дәл осы қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында орасан зор мүмкіндіктер ұсынады. Кәсіпкерлерді көбінесе мына мәселелер қызықтырады: жобаны қалай әзірлеу керек, тізілімге қалай енуге болады, аталған заңның нормалары қай жерде қолданылады және т.б. Сол үшін біз Ұлттық экономика министрлігіне дәл осы МЖС (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік) бойынша консультацияларды қызметтердің бір түрі ретінде енгізуді ұсындық. Оған қоса, көптеген кәсіпкерлерді саналуан хабарламалар, рұқсатнамалар, лицензиялар және т.б. қызықтырады», – деп атап өтті Т.Шотанов.

Төлеміс Шотановтың ақпараты бойынша, қазір бұл ұсыныс мақұлдану сатысында тұр. ҚР үкіметінен оң жауап болған жағдайда МЖС саласындағы консалтинг 2017 жылдан бастау алатын болады.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер