«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құжат қалпына келді, меншік заңдастырылды

2016 жылғы 04 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
6873 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасының Уәлиханов аудандық бөлімшесі құжатты қалпына келтіру бойынша құқықтық көмек көрсетті

«Қозғалмайтын меншіктің құжатын, нақты айтқанда ет өнімдерін сататын дүкенін заңдастыруға жәрдем сұрап, өтініш білдірген жеке кәсіпкер Анар Қасымоваға көмек көрсетілді. Дүкенге қатысты барлық құжаттары жоғалған. Тек қана техникалық паспорты қалыпты. Кейіннен кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуге тұрмағанын, нысанның іске дайындығы туралы акті жоқ екенін анықтадық», – дейді жергілікті бөлімшенің директоры Батырхан Ахметов.

Кеңесші-менеджер кәсіпкердің барлық құқығын қалпына келтіретін құжаттарын зерттеді. Жердің жеке меншік екенін көрсететін Көшірмесін алу үшін әкімнің жерді бөлгені, оның пайдалану мақсатының өзгергені туралы шешімі қажет болды. Дүкен тұрған жердің құжаттары жоғалғаны туралы газет беттерінде жария болған хабарлама қажет етілді.

«Уәлиханов аудандық мұрағат» Коммуналды мемлекеттік басқармасына жерді пайдалану мақсаты туралы Уәлиханов аудандық әкімдігі берген шешімнің көшірмесіне сұрау салынды. «Нұрлы ел» газетіне жеке құжаттың түпнұсқасы жоғалды дегені туралы хабарлама жарияланды. Кейіннен жер қатынастары бөлімімен жер сатып алынғаны туралы келісім жасалып, жеке меншікке өтті деген акт ұсынылды.

Сонымен қатар кәсіпкерге меншігін заңдастыруға құжаттарын өткізсін деген кеңес берілді.

«Ол үшін: аталған нысандағы салынған ғимараттың құрылыс ережесі мен сапасына сай техникалық шамасын зерттегені туралы аттестациядан өткен сарапшының қорытындысы, қозғалмайтын нысанның техникалық паспорты, белгіленген нұсқадағы өтініш, өтініші берушінің жеке куәлігі мен жеке меншік туралы акті. Біздің көмекшілер құрылыс нысанының техникалық зерттеуін жасайтын «НУР-project» ЖК-мен байланыс орнатып берді. Бесінші күні қорытынды жасалды. Аудандық әкімдікке меншікті заңдастыру туралы өтініш берілді», – деп түсіндірді Батырхан Ахметов.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер