«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркия бизнесмендері: бірлесе жұмыс істейік!

2016 жылғы 04 Сәуір
- Павлодар облысы
15917 просмотров

Бизнес-әріптестер іздеп жүрген түрік инвесторлары Пвлодар облысына келіп, өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті

Кездесу өңірлік кәсіпкерлер палатасында өтті.

«Біздің облысымыз өнеркәсіптің металлургиялық, мұнай және химиялық салалары мен жылу-энергетикалық кешендер бар индустриалды өңір саналады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығының қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі салалары дамуда. Бүгінгі таңда облыс өңірінде түрік бизнесінің өкілдері табысты еңбек етуде, бірқатар ортақ кәсіпорындар ашылған. Біз түрік компанияларымен арадағы байланысты нығайтып, оны жандандыруға ниеттіміз», – деді ӨКП директорының орынбасары Серік Байсейітов.

Өз кезегінде, түрік бизнесмендері павлодарлық «Компания Нефтехим LTD» ЖШС шығаратын алюминийді одан ары қарай да қайта өңдеуге мүдделі екендіктерін атап өтті. Сонымен қатар, «Павлодар» ЕЭА жұмысының шарттарына қызығушылық танытты. Мұнан басқа да қызықты жобаларды қарастырып көруге ниет білдірді.

«Біз Қазақстанға болашағы кемелді өндіріске инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастырып, елдеріңіздің аумағында өз өкілдіктерімізді ашу мақсатында келдік. Бізге өңірдегі тұрақтылық маңызды. ЕЭО шеңберінде Одақ мүшелірі елдерімен бизнесті жан-жақты дамытуға кең мүмкіндіктер ашылып жатқандығымен де Қазақстан бізді өзіне тартады. Біз жемісті еңбек етуге және екі ел арасындағы екіжақты экономикалық қатынастарды жандандыруға сенім білдіреміз», – деді Түрік делегатының жетекшісі Мұстафа Башқұрт.

B2B форматында бизнесмендер өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін, өзара тиімді әріптестік формалары мен нұсқаларын таныстырды.

Атап өтерлігі, Азия елдері бойынша Түркия – Павлодар облысының негізгі сауда-саттық әріптестерінің бірі. Өңірдегі 2015 жылғы жалпы сауда-саттық көрсеткішіндегі Түркияғи тиесілісі 5,1% болды.

Сауда көлемі 136,7 миллион доллар болса, соның ішінде экспорт –124,5 миллион доллар болса, импорт – 12,2 миллион доллар (2014 жылы 112,9 миллион доллар, соның ішінде экспорт – 93,5 миллион доллар, импорт – 19,4 миллион доллар).

Алюминий жеткізуге сұраныстың артуына байланысты экспорт көлемі 33%-ға артты (2014 ж. – 87,2 миллион доллар, 2015 ж. –  121,2 миллион доллар).

Түркия үшін Павлодар облысы полипропилен жеткізуші. 2015 жылы жеткізу 3 миллион доллар болды (2014 жыл – 5,5 миллион доллар). Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Павлодар» ЕЭА-ға шетелдік инвестицияларды қоса есептегенде, жаңа қатысушылар жұмылдырылды. Агрохимиялық өнім шығаратын «ASK-Technik» ЖШС-ның Қазақстандағы үлес салмағы – 52%, Туркиядағы үлес салмағы – 49%. «Веснет» ЖШС түрік компанияларымен байланыс құралдарына қосымша бөлшектер сатып алу бойынша әріптестік қатынаста.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер