«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірге заманауи металл жонушылар қажет

2016 жылғы 04 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
9826 просмотров

«Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-нда өндірістік-оқыту шеберханасы ашылды

«Қазақстандағы дуальды оқыту жүйесі» пилоттық жобасын енгізу аясында жаңа өндірістік-оқыту шеберханасын токарлық және фрезерлік құрал-жабдықтармен Heidelberg Cement компаниясы жабдықтады. «Бұл жерде Бұқтырма цемент компаниясы «өнеркәсіптік механик» мамандығы бойынша кадр дайындау туралы шартқа отырған Өскемен құрылыс колледжінің тәлімгерлері өндірістік тәжірибеден өтеді», – дейді кәсіпорын басшысы Сергей Баев.

Осы заманауи құрылғыларды пайдаланып, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-ның жұмысшыларымен қатар, облыстың техникалық және кәсіби білім беру ордаларындағы өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндердің оқытушылары кәсіби білігін арттырып, шеберлігін шыңдай алады.

«Оқыту шеберханасының құрылғылары мен жабдықталуы, тәлімгерлерге арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру қолданыстағы стандарттардың, ережелердің, нормалардың қатал талаптары мен қауіпсіз жұмыспен қамту, қоршаған ортаны қорғау мен өндірістік санитария нұсқаулықтарына сәйкес жасақталған», – деп атап өтті Адами капиталды дамыту орталығының бастығы Роза Бисекенова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер