«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ОҚО өнімдері Ресей сөрелеріне жөнетілмек

2016 жылғы 04 Сәуір
- Шымкент қаласы
12493 просмотров

Көкөніс пен жеміс өндірушілеріне және тағам өнеркәсібіне тікелей ресейлік сауда желілерімен жұмыс жасау ұсынылды

ОҚО Кәсіпкерлер Палатасында жергілікті өнімді келісім-шарт арқылы сатып алу  мәселесі талқыланды.

Бүгінгі таңда Красноярск, Барнауыл, Қиыр Шығыс, Татарстанның ірі сауда желілері өз сөрелерін оңтүстік қазақстандық өнімдермен толтыруға әзір. Олардың бірі – «Мария Ра» сауда желісінің өкілі Р.Горбатовтың айтуынша, олар бұрын да Қазақстанмен жұмыс жасаған, алайда өніммен қамтамасыз ету кезінде делдалдардың көп болуы өнімнің сапасы мен бағасына теріс әсерін тигізген. Сондықтан да бүгін Ресейден келген қонақтар тікелей жеткізілім туралы келісім-шарттар жасасуға мүдделі. Олар болса, өз кезегінде, сатып алынатын өнімнің көлемді болуына және жыл сайынғы өтімділігіне кепілдік береміз деп отыр. Ресейліктер алма, қарбыз, жүзімнен басқа алкогольсіз сусындарды да сатып алмақшы.

Алайда кездесу барысында белгілі болғандай, көрші елдің сауда желілерімен сауда-саттық жасау тәжірибесі оңтүстік қазақстандық өндірушілердің бәрінде болмай шықты. Кездесу аясында логистика, өндірушілер ресей дүкендері үшін жинаған өнімдерін орналастыра алатын бөлу орталықтарын жасау, уақытында ақысын төлеу секілді мәселелер төңірегінде дау орын алды. 

«Нәтижесінде біздің өндірушілер ресей өкілдіктерімен бір мәмілеге келіп, өз өнімдерін өткізудің жаңа сапалы деңгейіне көтеріледі деп ойлаймын», – деп тілек білдірді ОҚО КП директоры Асқар Әбубәкіров.

Оның айтуынша ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бұдан былай да осы мәселені шешуде атсалыспақ ниетте. Мәселен, жуырда Палата сайтында ОҚО-мен ынтымақтастық жасауға даяр ресейлік сауда желілерінің толық тізімі  жарияланатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер