Әріптестік нығая түсті
ӨКП мен әділет департаменті бизнестің жүйелік проблемаларын анықтап, өңірдегі іскерлік климатты жақсартпаққа сөз байласты
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін олар өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Алдымен, құжат Бүкіләлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі рейтингіні көтеруге бағытталған. Негізінен, «Жеке меншік құқығы», «Әкімшілік реттеудегі заңнаманың тиімділігі», «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткіштері бойынша әкімшілік кедергілерді қысқарту мен азайту.
Облыстық палатаның директоры Мұрат Әбеновтің пайымдауынша, қол қоюға облыс кәсіпкерлері мүдделеріне қатысты нормативті-құқықтық актілерді қарастыруда бұрыннан жолға қойылған өзара қарым-қатынас негіз болған.
«Біз орталық деңгейдегі нормативтік құжаттардағы әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында бірлесе жұмыс атқарудамыз. Мәселен, ЖШС-ны бүгінде бір күннің ішінде тіркеуге болады, сонымен қоса, шағын және орта бизнес субъектілері тіркеу алымын төлемейді. Бүгінгі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі айыппұл көрсеткішін кеміту және 40-тан астам бап бойынша «ескерту» түсінігін енгізу бойынша жұмыстар жүргізудеміз», – деп мәлімдеді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.
Департамент басшысы Бауыржан Ерімбетов те әріптестікті күшейтуге сенім білдірді. Ол кәсіпкерлерден келіп түсетін арыз-шағымдарды қарастырып, бизнестің проблемаларын кешенді шешуде Палата сарапшыларымен бұдан ары қарай да жұмыс жасайтындықтарын айтып өтті. «Жоспарланып отырған барлық шаралар біздің өзара әріптестігімізді сапалы жаңа деңгейге көтеретндігіне сенімдімін», – деді Ерімбетов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: