«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа мамандық – жаңа мүмкіндік

2016 жылғы 01 Сәуір
- Жетісу облысы
8586 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы 140 аса жұмыссызға жұмыс тауып берді

Алматы облысы Текелі қаласында Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жаңа жұмыс жәрмеңкесі болып өтті. Оған 24 кәсіпорын қатысты. Олар 171 жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысқан 250 адамның 73-і өз мамандығы бойынша жұмыс тапты. 25 қоғамдық жұмыстармен қамтылды. 12 жұмыссыз әлеуметтік жұмыстармен айналысады. Жастарға арналған тәжірибеден өтеді.

«Алдағы жылдары техникалық мамандықтарға деген сұраныс арта береді. Қазіргі экономиканың күрделі жағдайына қарамастан, көптеген өндірістік кәсіпорындарда мамандар жетіспеушілігі айқын білінеді, әсіресе, қара жұмысшылар көп керек. Жаңа технология мен өндірісті автоматтандыру бүгінгі өндіріске жоғары білімді жұмысшыларға да сұраныс артқанын көрсетеді», – дейді аудандық палатаның директоры Тұрысбек Жұмәділов. 

Жастардың ішінен отызы іріктеліп, Теміртаудағы политехникалық колледжге барып металлургия мамандығын бойынша қайта даярлықтан өтетіні белгілі болды. Жаңа мамандық алатындар арасында 22 жасар Абылай Ахметов те бар. Ол – Талдықорғанның политехникалық колледжінің түлегі. Құрылысшы мамандығы бойынша көптен бері өзіне жұмыс таппай жүргендердің бірі.

«Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша металлург мамандығына оқитын болдым. Оқу мерзімі үш ай. Содан соң осы саладан жұмыс тауып кетем деген ойдамын. Жәрмеңкенің арқасында қазіргі таңда қандай мамандықтарға сұраныс бар екенін білдім», – дейді жас маман.

Былтырғы жылы Теміртауда қайта даярлықтан өткен 39 адам толықтай Текелі тау-кен өндіру кешенінде жұмыспен қамтылғанын айта кетейік. Биылғы жылдың күзінде тағы 35 адам оқуға барады деп күтіліп отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер