«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кабулда сауда жасаймыз!

2016 жылғы 01 Сәуір
10004 просмотров

Қазақстан Ауғаныстанмен арадағы сауда қатынастарын кеңейту үшін Кабулда алғашқы сауда үйін ашты

Сауда үйі Қазақстан сыртқы сауда палатасының және Ауғанстан Ислам Республикасындағы ҚР елшілігінің ұйытқы болуымен ашылды.

«Әр түрлі сауда нүктелері арқылы Ауғанстанмен арадағы сауда-саттықты кеңейткіміз келеді. Суда үйінің ашылуы қос елдің кәсіпкерлеріне сауда саласындағы берік байланысты жандандыруға негіз болады және Ауғанстан Үкіметі Қазақстан Республикасымен сауда қатынастарын дамыту арқылы экономикалық өсімге қол жеткізеді деген сенімдеміз. Ауғанстан мен Қазақстан арасында көпжылдық сауда қатынастары жолға қойылған. Қазақстан өзге елдермен қатар тағам өнімдерін импорттаудың жақсы баламасын ұсына алады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Өміртай Бітімов.

Өткен жылдардың қорытындысы бойынша, Қазақстан Ауғанстаннан 3 миллион АҚШ доллары сомасында тауар импорттаған. Қазақстанның Ауғанстанға экспорты 333 миллион АҚШ долларына тең болды. Негізінен, ұн мен мұнай өнімдері.

«Сауда үйінің ашылуы Ауғанстанмен сауда байланыстарын жолға қоюдың жақсы бастамасы. Отандық тауар өндірушілер тауарларын «Ауғанстан Экспо Орталығы» сауда-көрме павильонына тегін қоя алады. Павильон өкілдері жергілікті нарықта қазақстандық өндірушілерге іскерлік әріптес ретінде шығуға дайын. Павильондағы жеке стенділерден бөлек, кәсіпкерлерге Ауғанстан нарығындағы маркетинг пен сауданы ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы мәліметтер, сондай-ақ жаңа іскерлік байланыстар ұсынылады», – деді Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Мейірбек Мәжитов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер