«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық өндірушіні қолдайық

2016 жылғы 01 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
12372 просмотров

СҚО-да Жергілікті қамту мониторингі және отандық тауар өндірушілерін ілгерілету жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы болы өтті

Комиссия Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен облыс әкімдігі және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан құрылғанын айта кету керек.

Оның басты мақсаты – мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық тауар өндірушілері мен жеткізушілерді жұмысбастылықпен қамтамасыз ету.

Отырысты ашқан Комиссияның тең төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев қазіргі жағдайдағы жергілікті немесе қазақстандық қамту мәселесінің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл мәселе біз биыл 1 қаңтардан бастап құрамына енген ДСҰ шеңберінде айрықша өзекті болмақ, сондықтан да біз жергілікті тауар өндірушілерді қолдауымыз керек және қолдаймыз да. Құрылған Комиссия бұл саясатты іске асырудағы ықпалды құралдардың бірі болуы тиіс деп санаймын», – деді Мұхтар Манкеев.

«Комиссия қызметі біздің өңірдегі мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті құрамды арттыру және мүмкін болатын барлық байланысты орнату мақсатында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, тауар өндірушілер түріндегі тапсырыс берушілерімізбен жұмыс жасауға бағытталатын болады. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де, кәсіпкерлік субъектілері де кіріп отыр. Комиссия жұмысы қазіргі күрделі кезеңде жергілікті тауар өндірушілерін қолдауға мүмкіндік беретініне кәміл сенеміз», – деді өз мәлімдемесінде Комиссияның тең төрағасы, СҚО КП директоры Тұрар Ысқақов.

Айта кету керек, шараға жергілікті және аумақтық органдардың басшылары, облыс кәсіпкерлері, сонымен бірге БАҚ өкілдері қатысты.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы биылғы жылдың ақпан айында аудандардың білім беру және денсаулық сақтау саласындағы 2016 жылға арналған мемлекеттік сатып алулары бойынша талдау жүргізген болатын. Оған тағам және құрылыс саласының негізгі өндірушілері қатысқан.

«Бұл ақпарат облыстағы бизнес субъектілерін облыстық және аудандық бөлімшелердің мемлекеттік сатып алуларына қатыстыруға бағытталып отыр. Хабарламаны бизнестің 500-ден астам субъектісі алды. Бұдан басқа, біз мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезіндегі негізгі проблемаларды анықтау үшін облыстағы тауар өндірушілермен және тауар жеткізушілермен кездесу ұйымдастырдық», – деді Тұрар Ысқақов.

Отырыс барысында мемлекеттік сатып алулар кезінде туындайтын бірқатар жүйелі проблемалар назарға алынды. Оның бірі тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алулар порталын толықтай толтырмауы және жергілікті құрам пайызын дұрыс көрсетпеуі. Техникалық ерекшелік тұсы да қалай болса солай толтырылады.

Мәселен сары майды сатып алу кезінде МЕМСТ 32261-2013 халықаралық стандартын көрсетудің орнына Р МЕМСТ 52253-2004  Ресей мемлекеттік стандарты көрсетіледі.

«Петропавловск қ. және облыс аудандарының білім беру және денсаулық сақтау ведомствоішілік ұйымдары ірімшік сатып алу кезінде техникалық ерекшелік тұсына ҚР СТ 1063-2002 – сиыр сүтінен жасалған қатты ірімшік стандартын белгілейді. Сонымен бірге оның құның 780 теңге деп көрсетеді, ал шын мәнінде қатты ірімшіктің өзіндік құны кем дегенде 1200 теңге», – деді Т.Ысқақов.

Білім беру басқармасының орынбасары Айгүл Қасенова мен Петропавловск қ. білім беру бөлімінің басшысы Гүлмира Кәрімова өз сөздерінде осы жылдан бастап мемлекеттік сатып алулар жаңа ережелер бойынша өтетінін айтты. Бұдан былай білім беру мекемелеріне азық-түлік сатып алу тауар бағасына емес, сапасына қарай таңдалмақ. Бұл ақпарат, әлбетте, қатысып отырған жергілікті тауар өндірушілерді қуантпай қоймады. Олар жаңа ережелердің арқасында ұсақ ЖК, алып-сатарлар мен дистрибьюторлар енді бұрынғыдай демпинг есебінен тендерлерге қол жеткізе алмайтын болады деген үміттерін білдірді.

Өкінішке қарай, мұндай Ережелер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларда жоқ. Бұл дегеніңіз Жергілікті құрам мониторингі мен отандық тауар өндірушілерін ілгерілету жөніндегі комиссияның атқарар ісі көп екенін айқындап отыр.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер