Өңірдің ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері кооперативтік қозғалысты қолдап отыр
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 120-дай ауылшаруашылық кооперативі бар
Негізінен, АӨК мал шаруашылығы, өсімдік және егін шаруашылығы салаларында жұмыс істейді.
Кооперативтік қозғалыстың табысты қызметінің жарқын үлгілерінің бірі өткен жылы ӨКП Өңірлік кеңесінің, Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы мен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның бірлесуімен құрылған – Өңірлік астық холдингі. Оның мақсаты – астық өндірушілерді кооперация және ынтымақты жауапкершілік қағидасына сай біріктіру.
Холдинг құрамына 56 ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші кірді. Айта кетерлігі, 2015 жылғы жұмыстың қорытындысы бойынша, холдинг 39 қатысушының жалпы сомасы 900 миллион теңге болатын көктемгі егін жұмыстарын қаржыландырды.
Биыл «ӨАХ» ЖШС-ның жоспарында көктемгі егін жұмыстарын қаржыландыру ғана емес, техниканы жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызмет көрсету орталықтарын құру да қарастырылған. Соған қоса, компания 2016 жылдың өнімін өткізуге арналған фьючерстік келісім-шарттар жасау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Ақмола облысының сүт өңдеуші кәсіпорындары АӨК-ға бірігуде. Консорциумға Көкшетау қаласының «Қалалық сүт зауыты» ЖШС, «Айна» сүт зауыты, Бурабай ауданының «Есіл-Агро» ЖШС мен өзге де сүт өндірушілер мен өңдеушілер кіреді. Сүт өңдеушілердің мақсаты – өнім өткізу нарығын кеңейту. Консорциум мүшелері өзара күш біріктіріп, елордалық нарыққа шығып, өздерін танытуға талпыныс жасауда. Консорциумды құрушылар, сонымен қатар, копперация несиелендірудің жеңілдетілген шарттарына (ұзын инвестициялар, несие пайызының аздығы, салық преференциялары) иек артуға мүмкіндік береді деген үмітте, ал бұл, өз кезегінде, өндірісті жаңартып, сүт өнімдері фермасын кеңейтуге, мал басын көбейтуге, сонымен қатар, копперацияның барлық мүшелері арасында АӨК саласындағы мамандарды ұстауға кететін шығынды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Өңірлік палатаның корпоративтік қозғалыстың артықшылықтарын түсіндіруде жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп отырғандығын айта кетуіміз қажет. ӨКП директорының орынбасары Фатима Герфанованың айтуынша, қаңтар-ақпан айларының өзінде Палата ауылшаруашылық кооперацияларына қатысты мәселелер бойынша Зеренді, Бурабай, Жарқайың, Есіл, Атбасар, Еңбекшілдер, Жақсы аудандарында дөңгелек үстелдер өткізген.
Айта кетерлігі, АӨК құру және әділет органдарына тіркеу бойынша ӨКП-ның аудандық филиалдарына арналған қадамдық нұсқаулық әзірленіп, типтік жарғының, жалпы отырыстар хаттамаларының үлгілері мен өзге де қажетті құжаттар жіберілген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: