«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық бизнесвумендер БАӘ нарығын игеруде

2016 жылғы 31 Наурыз
10349 просмотров

Қазақстанның Іскер әйелдер делегациясы танысу мақсатында Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар шекті

Оның құрамына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, туризм және қонақжайлылықтың ірі нысандарындағы іскер әйелдер, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшылары мен журналистер кірді.

Қазақстандық іскер әйелдер екі күн ішінде Дубайдың Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы, «ЭКСПО-2020» ұйымдық комитетінің басшылығы, сондай-ақ БАӘ Іскер әйелдер кеңесімен кездесті. Араб Әмірліктері жерінде тұрып, өз бизнестер дамытып отырған отандас әйелдермен бейресми кездесу өтті.

Қазақстан Республикасының Дубай және солтүстік әмірліктердегі бас консулы Арман Исағалиев атап көрсеткендей, шағын және орта бизнесті дамыту және шетелдегі қазақстандық бизнесті кеңейтуге көмек көрсету елшілік пен бас консулдықтың басым бағыты болып табылады.

«Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында біз ағымдағы жылдың басынан бері қазақстандық кәсіпкерлерге әмірлік нарығына шығуға және сенімді ұзақмерзімді серіктестер табуға көмектесе отырып, былайша айтқанда «экономикалық дипломатияға» аса ден қойдық»,– дейді дипломат. Оның сөзінше, аталған жағдайда кәсіпкер әйелдер делегациясының Әмірліктерге келуі үлкен маңызға ие. «Делегация мүшелерінің алдағы күндері Дубайда БАӘ Іскер әйелдер кеңесінің, Дубайдың Сауда-өнеркәсіп палатасының және «ЭКСПО – 2020» комитетінің өкілдерімен өтетін келіссөздері екі ел арасында өзара тиімді байланыстар орнатуға септігін тигізетін болады»,– деп сенеді ол.

Арман Исағалиев Қазақстанда мемлекеттің дамуында әйелдердің маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. Елде ҚР Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық палата табысты түрде жұмыс ітейді. Көптеген әйелдер Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының бақылауымен бизнес саласында қызмет атқарады.

Әмірліктердегі әйелдердің рөлі де күн санап артуда, министрлердің федералды комитетінің 29 мүшесінің 9-ының әйелдер екендігі осы сөзіміздің нақты дәлелі бола алады. Мұндағы жастарды бақытты болуға, төзімділікке тәрбиелеудің маңызды мәселелері әйелдерге жүктелген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер