«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақша берсе – бас тартпа!

2016 жылғы 30 Наурыз
- Маңғыстау облысы
11899 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «АЛМЭКС» холдинг тобы, Маңғыстау облыстық әкімдігі ауыл кәсіпкерлеріне айтарлықтай жеңілдік жасай отырып қаржылай қолдау көрсетпек

Бүгін Ақтауда үш жақты серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Әкімдік пен ҰКП бұл аймақта микроқаржылық (МҚҰ) ұйым құрды. Ұйымның мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру. Өңірдегі ел-жұртты жұмыспен қамтуды мақсат еткен бұл жоба қосымша өндіріс орындарын ашуға, нарықты тауармен толтыруға, отандық өндірушілердің қызметіне жүгінуге мүмкіндік тудырады.

МҚҰ кәсіпті енді бастап келе жатқан кәсіпкерлерге өз ісін дөңгелетуге, тәжірибе жинауға көмек береді.

Осы мақсатқа «Атамекен» ҰКП 300 миллион теңге бөліп отыр. «ALMEX» инвестициялық қорының ұсынып отырған қаржылай қолдауы Маңғыстау облысының микронесиелендіру саласын дамытуға жұмсалып жатыр. Ал, облыс әкімдігі өз есебінен 288 миллион теңге қаражатты бөліп отыр.

ҰКП жүргізген сараптамасы бойынша қазіргі Қазақстандағы микронесиелендіру ұйымдары ұсынған қаржылай көмектің сыйақысы кейде 56% жетеді. Бұл шағын кәсіпкрелер үшін тым үлкен үстеме. Оны көбісі еңсере алмай жатады. 

ҰКП қарасты микронесиелендіру ұйымдарының несиесі 15 миллион теңгеге дейін 7% үстемемен 36 айға дейінгі мерзімге беріледі. Мұндай несие заңды тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге, қосалқы шаруашылық жүргізетін тұлғаларға беріледі.

Мұндай несие шағын кәсіпкерлерге қолжетімді болады. Өйткені, бұл сала банк секторында (ауыл шаруашылыққа қатысты жобалар, үй шаруашылығы) дұрыс қаржыландырмайды. Банктердің қызығушылығы ояна қоймады. Басты нысанда – кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан кәсіптік сауатын ашқан кәсіпкерлер. Алдын ала болжау бойынша аймақтарда ірі кәсіптің айналасынан шағын кәсіпкерлікті дамытудың мүмкіндігі туады делініп отыр. Сол арқылы салық қоры ұлғайып, жаңа жұмыс орындары ашылып, халық жұмыспен қамтамасыз етілмек.

Бұл бағдарламаның тағы бір өзгешелігі: микронесиелендіру аймақтардағы ресурс мүмкіндігін оңтайлы қолдануды көздейтін кәсіпкерлікті дамыту Картасына сай берілетін болады.

Мұнай өндіру өндірістеріне деген тәуелділікті кемітетін жобаларға басымдық беріліп отырады.

Маңғыстау облыстық МКҰ несие беру шарттары бойынша кепілге қозғалмайтын мүлік пен қозғалмалы мүлік, жер учаскелері, автокөлік, ауыл шаруашылық техникасы, мал, үшінші жақтың кепілдігі алынады.

Несиені жабудың ыңғайлы жүйесі жасалған. Ай сайын, тоқсан сайын, алты айда бір рет, жылына бір рет деген сияқты. Бәрі несиенің сомасы мен алыну мақсатына орайластырылады.

Тұтынушылық мақсатындағы несие, алдыңғы несиені жабу үшін, қозғалмайтын мүлік пен жер учаскесін сатып алу мақсатына да несие қарастырылмаған.  Сауда жасау үшін де бұл несиеге тыйым салынған.

«Маңғыстау» атты кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталықтың негізі қаланды. Оның 51% аймақтық кәсіпкерлер палатасына және 49% маңғыстау облысы әкімдігі еншісінде. «Атамекен» мен әкімдіктің өзара серіктестігінің арқасында құрылған Қазақстандағы тұңғыш жоба. Бұл орталықтың қызметі кәсіпкерлерге кеңес беру, оңтайлы тәжірибемен бөлісу болмақ. Оған қоса инвесторлар тарту, оларға қызмет көрсетуді де үйретпек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер