«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерге айып таға алмады

2016 жылғы 28 Наурыз
- Жетісу облысы
6668 просмотров

Аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алудың орындалмағаны үшін кінәні бизнесменге артпақ болған

Мемлекеттік органдар үшін бар кінәні бизнеске арта салу әдетке айналып барады. Әсіресе,бұл мемлекеттік сатып алу саласында айқын көрінеді.

ӨКП-ның заңгері Диас Оташбаев Талдықорған сотында кәсіпкер Мұрат Смағұловтың құқықтары мен мүдделерін қорғады.

Осы жылдың басында Сарқан аудандық білім бөлімі «Әділжан» жеке кәсіпкерлігінің үстінен оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде танып, тұрақсыздық төлемін өндіру үшін сотқа арыз түсірген. Бұрынырақ олардың арасында материалдық-техникалық базаны (балаларға арналған орындықтарды) жеткізу туралы жалпы сомасы 164 250 теңге болатын, кейінірек 346 280 теңгеге тағы бір шарт жасалған. Мемлекеттік орган кәсіпорын шарт талабын мерзімінде орындамаған деп танығанымен, сотта керісінше болып шықты.

«Сот отырысында жауап беруші «Әділжан» ЖК мен Смағұлова М.С. арасында мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарға тек 10.12.2015 жылға ғана қол қойылғандығы анықталды. Оны арыз берушінің өкілдері де, жауап беруші жақ та жоққа шығарған жоқ. Тауарды жеткізу мерзімі 2015 жылдың 5 желтоқсанына белгіленгендіктен, сот жауап берушінің де кінәсін анықтады. Білім бөлімі шарт мәліметтерін мерзімінде жібермегендіктен, бизнесмен де өз міндетін белгіленген уақытта атқара алмаған», – деп атап өтті сарапшы.

ӨКП мамандары осымен бірнеше мәрте мемлекеттік органдар тарапынан жасалған заңсыз әрекеттердің куәсі болып келеді. Әсіресе, жауапсыз қатынастардың арқасында адамдар мен бизнес зардап шегуде.

Заңгердің айтуынша, сот процесі кезінде мемлекеттік сатып алулар туралы шарт талаптарын бизнесмен толықтай орындаған. «Заңнама бойынша, егер орындаушы өзіне артылған міндеттердің барлығын орындаса, онда ол мемлекеттің сатып алудың жосықсыз қатысушысы саналмайды. Сондықтан, сот «Әділжан» ЖК өз міндетін адал атқарған және оның әрекеттері шартты сапалы түрде орындауға бағытталған деген шешімге келді» – деп сөзін жалғады Диас Оташбаев.

Сонымен қатар, жауап берушіден жергілікті бюджетке 5 105 теңге және мемлекеттік кіріске 51 мың теңге айыппұл өндірілді. Өйткені, ол шартқа қол қоя отырып, міндеттемелерін орындауды, яғни тауарды мерзімінде жеткізуді өз міндетіне алған. Дей тұрғанмен, кәсіпкер Мұрат Смағұлов ӨКП-ның жұмыс нәтижесіне риза болды. Олай дейтініміз, солардың арқасында оның атына дақ түспеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер