«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Облыстық Палата басшысы Парламентке өтті

2016 жылғы 25 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
13131 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры елдің басты заң шығарушы органының мүшесі атанды

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Әбсатиров Қазақстан Республикасы Парламентінің VI шақырылым депутаты болып сайланды.

Батыс Қазақстан облысының тумасы Кеңес Гарапұлы Әбсатиров банк саласының танымал қызметкерлерінің отбасында өсіп, техникалық және экономикалық білім алған. Инженер мамандығы бойынша тәжірибесі мол ол өмірінің түрлі кезеңдерінде өндірістік және мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарған. БҚО-ғы «Шағын бизнес орталығы» қауымдастығын басқарған. ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде бас инспектор болып қызмет атқара жүріп, Қазақстанның батыс өңірлерінің дамуына жетекшілік еткен, сонымен бірге Индустрия және сауда министрлігі жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комитеттің басшысы болған. «Ертіс ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары мен  «ҚазАгро» ҰХ» АҚ стратегиялық даму және талдау департаментінің директоры қызметтерінде болғандықтан, кәсіпкерлікті қолдау қаржы институттарының қызметімен бес саусақтай таныс.  

2014 жылдың ақпанынан Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына басшылық еткендіктен, бизнестің өңірлік, сонымен бірге республикалық деңгейдегі проблемаларын жақсы біледі. Атқарған қызметтерінің барлығында ол Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік мүддесін талмастан қорғап келеді.

«Біз өз басшымыздың құзыреттілігіне, кәсібилігіне, жауапкершілігі мен алдына қойған мақсатына жететітіне шүбә келтірмейміз», – дейді БҚО Кәсіпкерлер палатасының ұжымы. Олар Кеңес Әбсатировқа парламенттік қызметтегі Қазақстан халқының пайдасына атқарар еңбегі табысты болсын деген жүрекжарды тілектерін жеткізді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер