Бірыңғай кедендік салық кодексі қабылданады
Елбасы Парламенттің жаңа жасақталған құрамына осындай заң жобасын дайындау туралы тапсырма берді
Бүгін Астанада Қазақстан Парламентінің VI шақырылымының бірінші сессиясы ашылды. Оған Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Елбасы депутаттық корпустың жаңарған құрамына заң шығару жұмысын жетілдірумен қоса, бірнеше тапсырма жүктеді. Бұдан өзге, Парламентте бірнеше жаңа заң жобалары қабылданбақ.
«Біріншіден, қазыналық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ететін бірыңғай кедендік салық кодексін қабылдау керек, екіншіден, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің қабылдануымен, бір заңнамалық акті аясында осы саладағы барлық қатынастарды реттейтін барлық нормалар топтастырылады», – деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, «электр энергетикасы мәселелері бойынша әрекет етуші заңнамалараға өзгерістер енгізу қажет».
«Бұл электр энергиясын жеткізетін ұйымдарды күшейту процесі үшін қажет», – деді Елбасы.
Бәсекелестікті реттеу саласындағы заңнама да өзгертіледі. «Монополияға қарсы саланы реформалаудың екінші кезеңі аясында бәсекелестік мәселелеріне қатысты заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу қажет», – деп сөзін жалғады Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан өзге, «мұнан былай мемлекетке функцияларды турбуленттік ортаға беруге қатысты» заңнамалық база жетілдіріледі.
Жанар Сердалина
Пікір қалдыру:
Пікірлер: