«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ҚазТрансГаз» ШОБ-қа газ жеткізіп беруге көмектеседі

2016 жылғы 18 Наурыз
7718 просмотров

Ірі газ-энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы өңірлердегі бизнес субъектілерімен тығыз әрі шұғыл жұмыс істеуге уәде беріп отыр

Бүгін ОКҚ өткізген брифинг барысында «ҚазТрансГаз – Аймақ» АҚ бас директоры Ибулла Сердиев компанияның Қазақстан бойынша газдандыруды ұйымдастыру бойынша мемлекеттік лицензиясы бар компанияларға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

«Бүгінгі күні Қазақстан бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарын атқаруға лицензиясы бар мердігер компаниялар көп. Мұндай жұмыс түрі бәсекелі ортада болғандықтан, мемлекеттік лицензиясы бар кез келген компания осы қызметтерді атқара алады», – деді Сердиев мырза.

Ол келтірген деректер бойынша, Қазақстан бойынша газдандыру құны 200-ден 400 мың теңге аралығында.

«ҚазТрансГаз – Аймақ» АҚ-ның Қазақстан бойынша филиалдары бар. Сондықтан, егер газдандыруға қатысты мәселелер туындай қалса, біз қысқа мерзім ішінде Сіздерге техникалық шарттарды ұсынып, аз уақытта  жобасын сызып, газ жүргізіп бере аламыз», – деді Сердиев.

И.Сердиев келтірген деректер бойынша, қазір Қазақстанда мемлекеттік лицензиясы бар және газдандырумен айналысатын шамамен 80 компания жұмыс жасауда. «Кей мердігерлік компаниялар еш келісім-шартсыз, яғни өрескел заңбұзушылықтармен газдандыруды іске асырған, бұл нысандарды «ҚазТрансГаз» қабылдамаған болатын», – деп қорытындылады ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер