«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кедергі жойылды

2016 жылғы 18 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9237 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқасында бірнеше АӨК тіркеуден өтті

Ауылшаруашылық өнеркәсіптік кооперативтерінің артықшылықтары мен олардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау алу туралы түсіндіру жұмыстары өз нәтижелерін беруде.

Мәселен, Жамбыл облысында кәсіпкерлік бастамасы бар бірнеше тұлға асыл тұқымды мал шаруашылығын қайта құру үшін, АӨК құру мәселесіне қызығушылық танытқан. Алайда олар ауылшаруашылық кооперативтерін мемлекеттік тіркеу кезінде ХҚКО және Әділет секілді өкілетті органдар тарапынан кедергілерге тап болған. Олар құрылтай жиналыстарының хаттамаларын, жарғылардың бірнеше, оның ішінде мемлекеттік тілдегі данасын секілді құжаттардың толық пакетін талап еткен. АӨК-тің мүшелері осы проблеманы алға тарта отырып, СҚО КП жергілікті филиалына жүгінген.

Заңнама нормаларын бүге-шүгесіне дейін зерттеу барысында шағын кәсіпкерлік субъектісі болып саналатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін, құрылтайшылар тіркеу органына бекітілген форма мен тәртіп бойынша кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы ескерту ғана беруі керек екен. «Осылайша, дәл шағын кәсіпкерлік субъектісі саналатын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеу кезінде ережелер немесе жарғыларды өткізуге міндеттелмейді. Осыған байланысты, анықталған кедергілерді алып тастау үшін, біз ауданның өкілетті органдарына заңбұзушылықты жою туралы өтініш айтып,  тиісті хат жолдадық», – деп айтып берді СҚО КП жергілікті филиалының директоры Наталия Лазарева.

Көрсетілген көмек нәтижесінде өтініш айтқан тұлғалар еш кедергісіз бірнеше ауылшаруашылық кооперативтерін тіркеуден өткізді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер