«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Процесс басталды

2016 жылғы 17 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
12040 просмотров

СҚО-да 32 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тіркелген. Тағы да 23 кооператив тіркеу алдында тұрса, жыл соңына дейін тағы 74 кооператив құру көзделіп отыр

 Өңірде ауыл шаруашылығы кооперацияларының дамуына арналған брифинг барысында журналистерге Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов баяндап берді.

«Бүгінде республикамыздағы, сондай-ақ біздің өңіріміздегі АӨК дамуындағы көкейкесті мәселелердің бірі ұсақ тауарлы өндірістің басымдығы болып отыр, ол өз кезегінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінде шаруашылықтың ұсақ түрлерінің көптеп болуымен дәлелденеді. Тығырықтан шығудың бір жолы ол туралы заң өткен жылы қабылданып, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген кооперация болып табылады»,– деп атап өтті Т. Ысқақов.

Бұл ретте ол кооперацияларды дамыту «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым міндеттерінің бірі екендігін атап өтті.

«Аталған бағытты жүзеге асыру аясында Ұлттық палата ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, аграрлы кооперацияны дамыту бойынша Іс-шаралар жоспарына қол қойды, соған сәйкес бірқатар іс-шаралар анықталып, сынамалы жобалар белгіленген. Қазіргі уақытта біз кооперациялардың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуді қол алып отырмыз, сондай-ақ жобаларға да қолдау көрсетілуде»,– деп жалғастырды өз сөзін Тұрар Ысқақов.

Сонымен, айтулы жоспар шеңберінде ағымдағы жылы Тайынша ауданында "TOTAL IMPEX" ЖШС-нің май өнімдерін қайта өңдеу бойынша қазақ-қытай сынамалы жобасын әзірлеу жоспарланып отыр, соның базасында май өндіретін кооператив құрылады.

Жылдың басынан бері ӨКП өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өндірушілерімен 48 жиналыс өткізілді, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 19 жобасы тікелей Палатаның аудандық филиалдарының қолдауымен іске асырылады.

«Өңірімізде кооперативтер құру жұмысы жақсы қарқын алды. Бір ғана мәселе олардың негізгі бөлігінің мал шаруашылығы саласында құрылып, кооператив мүшелеріндегі мал тұқымын жақсартуға бағытталып отырғандығында болып отыр – бұған жеке аула шаруашылығы да, шаруашылықтар да, фермерлік шаруашылықтар да кіреді. Әрине, малдың тұқымдық түрленуі мәселесінде тоқтап қалуға болмайды. Ілгері жылжу қажет, яғни енді кооператив аясында малды, сондай-ақ сүтті өткізу, жем-шөп дайындау, ветеринарлық тексеру жүргізу мәселелерін қарастырып, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығында біршама ұйымдасқан түрде әрекет ету керек. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін біз өзіміздің сүт, ет өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарымызды тарта отырып, тіркеліп қойған кооперативтердің қызметін кеңейту, сонымен бірге басқа салалардағы қосымша кооперативтерді дамыту жұмысына атсалысуды көздеп отырмыз. Сонымен қоса кооперативтермен бірлесіп әрекет етуге өзге де ауыл шаруашылығы құрылымдары, атап айтқанда жұмыртқа өндірушілер қызығушылық танытып отыр. Бүгінде олар жем өндіру үшін бірлесіп жұмыс істеу мәселесіне ден қойды. Қазір біз мүдделі тараптардың өзара әрекеттестік үлгісін анықтап, кооперативтердің осындай түрінің әлеуетті қатысушыларына кеңес беру жұмысын бастап кеттік»,– дейді Тұрар Ысқақов.

Мәселен, жыл басынан бері облыс аудандарында 3 өсімдік шаруашылығы, 29 мал шаруашылығы саласындағы 32 ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативі тіркеуден өткен. Қазіргі уақытта 23 АТК тіркеу алдында тұр (6-өсімдік шаруашылығы, 17-мал шаруашылығы бойынша) және жыл соңына дейін тағы 74 АТК құру жоспарда бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер