«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» Ұлттық палатасы дәрілер сатып алу жөніндегі үкімет қаулысы жобасын талқыға салды

2016 жылғы 16 Наурыз
8434 просмотров

Қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастық құжатқа 100-ден аса ұсыныс пен ескертпелер енгізді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына «СК-Фармация» ЖШС редакциясымен жасап шығарған «Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы өнімдер, оларды сақтау мен тасымалдау қызметтерінің, фармацевтикалық қызметтер мен оларды тегін медициналық көмекпен кепілдендіру мөлшері бойынша қамтамасыз ету қызметтерін сатып алу ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы келіп түсті. Ұлттық палата «СК-Фармация» ЖШС, бизнес-қоғамдастық, салалық қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен Қаулы жобасын бейнеконференция режимінде талқыға салды. Қаулы жобасын талқылау барысында бизнес-қоғамдастық мен қауымдастықтар тарапынан 100-ден астам ұсыныстар мен ескертпелер ұсынылды. Сондай-ақ талқылау барысында Қаулы жобасы жүйеленбегені, тармақтардың қайталануы орын алғаны, олардың кейбірінің қайшы тұстары бар екендігі айтылды. Құқықтық техника ережелеріне сәйкес келмейтін тұстар да анықталды. 

Бұдан басқа, фармацевтикалық қызмет қауымдастықтары өкілдері осы Қаулы жобасын іске асыруға айтарлықтай әсер ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды, Қазақстандық ұлттық формулярды енгізу, «СК-Фармация» ЖШС-ін жекешелендіру сияқты денсаулық сақтау саласында жүргізіліп отырған реформаларға байланысты сатып алу механизмдерінің негізгі  концептуалдық  тәсілдерін ұсыну қажеттігін  бір ауыздан айтып отыр. Осыған байланысты жиын қатысушылары Денсаулық сақтау жән әлеуметтік даму министрлігіне хат жолдау ұсынысын ортаға салды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер