Қазақстанда теңге молынан жетеді
Ұлттық банк ақша нарығын теңге өтімділігімен толтыратындығы туралы хабарлады
Қазақстанда теңге өтімділігі қажетті мөлшерден артық. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев өзінің Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапарында мәлімдеді деп хабарлайды реттеуші баспасөз қызметі.
«Қысқа мерзімді теңге өтімділігін толтыру міндеттерін өтемей ұзақ мерзімді теңге өтімділігі проблемасын шешу мүмкін емес. Біз бұл міндетті орындадық, Ұлттық банктің ақша нарығындағы операциялары банктердің қысқа мерзімді өтімділігіне деген қажеттілігін толықтай қанағаттырып отыр», – деп келтіреді Ақышевтің сөзін баспасөз қызметі.
Ұлттық банк мәліметтері бойынша, 2016 жылдың басынан бері ақша нарығында «бюджет шығындарымен және шетел валютасы ұсыныстарының артуымен байланысты теңге өтімділігінің құрылымдық артылуы байқалуда». Осыған байланысты Ұлттық Банк өтімділікті алу жөнінде операцияларды жүзеге асыруға басымдық береді, делінген хабарламада.
«Ұзақ мерзімді өтімділікті қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мен мемлекеттік қолдау, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражаты есебінен жүзеге асатын болады. Бүгінде Елбасы тапсырмасы бойынша осы бағытта қарқынды жұмыс жасалуда», – деп қосты Данияр Ақышев.
Еске салсақ, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-дық деңгейде ауытқу шектері +/- 2 пайыз болатын сақтау туралы шешім шығарған. Д.Ақышев «базалық мөлшерлемені төмендетуге қажетті жағдайлар әлі де қалыптаспаған» деп санайды.
«Әлемдік мұнай нарығындағы тұрақтану белгілері әлі де тұрақсыз. Қазақстандағы жылдық инфляция деңгейі жоғары болып тұр, экономикалық кідіріс жағдайында мөлшерлемені осы деңгейде ұстап тұру теңгелік активтер сұранысын қолдау қажеттігін көрсетеді», – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: