«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Скандинавиядан Ақтөбе

2016 жылғы 16 Наурыз
- Ақтөбе облысы
10810 просмотров

Скандинавия елдері Ақтөбе өңірінде бизнес-жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда

Бұл туралы Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасындағы кездесу барысында Норвегия, Швеция және Финляндия елшілері мәлім етті. Аталған  шараға орта және ірі бизнестің 20-ға жуық өкілі қатысты.

Өңірлік палата басшысы Нұрлыбек Мұқанов өңір экономикасының тарихы және оның қазіргі хал-ахуалымен таныстырып, облыстағы инвестициялар тартуға болатын салаларды айтып берді. Сонымен бірге өңір үшін тәжірибе алмасу аясындағы серіктестіктің маңыздылығын атап көрсетті.

Қонақтар 2015 жылы Қазақстанда инвестициялар тарту туралы заңға енген өзгерістермен танысты. Ол бойынша жалпы соманың 30%-на дейін салықтық жеңілдіктер мен субсидиялау қарастырылған. Бұдан бөлек, инвестиция көлемі 13 миллион АҚШ долларынан асқан жағдайда мемлекет барлық шығындарды өтеп беретін болады, сондай-ақ инвесторларға қауіпсіздік кепілі беріледі.

Ақтөбеде Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Оның қызметкерлері басынан аяғына дейін, яғни жоба толық іске асқанға дейін көмек көрсетеді. Оған қоса инвесторларға қажетті дамыған инфрақұрылымы бар индустриалды аймақ та әрекет етеді.

Қазақстандағы Норвегия елшісі Оле Йозан Берной, өз кезегінде, өз елінің мұнай-газ және тау-кен қазу саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі болып отырғанын жеткізді. Бұдан бөлек, норвегиялықтар біздің елден бидай экспорттап, оның орнына теңіз өнімдерін импорттайды.

Ал Швеция елшісі Христиан Камилл Ақтөбе облысының әлеуеті жөнінде ақпарат жинау іске асып жатқанын айтты, бұдан ары олар өз отандастарына ауыл шаруашылығы мен тау-кен қазу салалары жобаларына инвестиция құюды ұсынбақ ниетте.

Өңірдің аталған елдермен тауар айналымы шамамен 150 миллион АҚШ долларына тең екенін айта кету керек, дегенмен бұл сан Ақтөбе облысының экономикалық әлеуетін толықтай ашып көрсете алмайды. Тараптардың айтуынша, өзара тиімді ынтымақтастық үшін түйісу нүктелері жеткілікті. Скандинавиялық бизнесмендер мұнай-газ және тау-кен қазу салаларына, ауыл шаруашылығына, балық өсіру, химия өндірісіне, қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу салаларын инвестициялауға мүдделі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер