«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске бағытталған білім беру

2016 жылғы 15 Наурыз
- Қарағанды облысы
10218 просмотров

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Брюссельден марапатпен оралды

Олар «Білім беру, жұмыспен қамту және кәсіпкерліктің экожүйесі» атты практикалық тәжірибелері үшін 55 қатысушы-мемлекет ішінде екінші орынға ие болды. Қарағандылық тәжірибеге бағытталған білім беруді ұйымдастыру мен бизнес-оқыту тәжірибесі Еуропалық «Кәсіпкерлік қауымдастық» білім беру қоры жобасы аясында Еуроодақ Аймақтар комитетінің назарына ілікті. 2015 жылдың ақпан айында Қор «Кәсіпкерлік қауымдастықтардың бастамалары» атты байқау жариялаған еді. Бұрын бұл байқауға қатысуға тек еуропалық елдерге ғана рұқсат етілсе, биыл оған Орталық Азия елдерінің өкілдері де қатыстырылды. Негізгі мақсаты – кәсіпкерлік қауымдастықтардың билікпен, білім берумен, азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасы идеясын дәріптеу мен әріптестікті дамыту. 

Құрамына жеті елдің өкілдері енген Консультативті кеңестің мүшелері 100 өтінішті қарады. Алдыңғы тәжірибенің бар-жоғы үш-ақ  көрнекілік үлгісі жоғары оқыту құндылығына ие деп танылды – «Инклюзивті жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік» атты Грузияның тәжірибесі, «Көшбасшылық үлгісі, ересектерді оқытуға салым салу және экономикалық өсім» атты Черногория тәжірибесі мен Қазақстанның тәжірибесі.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Қарлығаш Оспанова ЕБҚ жобасының мәні кәсіпорындардың, кәсіби оқу орындарының, жергілікті әкімшілік органдардың немесе азаматтық қоғамның әріптестігі екенін айтты. «Оларды ортақ іс-қимыл аясында барлығының басын қосуға қабілетті кез келген адам басқара алады. ЕБҚ-ның «Кәсіпкерлік қауымдастық» Бастамасының мақсаты өзара басқаруды қалай жүзеге асырып жатқандығын білу үшін сондай қауымдастықтарды анықтау және олардың сәтті тәжірибесін тарату. Байқаудың сауалнамаларымен және талаптарымен таныса келе, Палата қызметін елдегі және біздің өңірдегі кәсіпкерлік қауымдастықтың орталығы ретінде ұсынып көргім келді. Бизнесті маманданған кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Палата студенттерге өндірістік аймақтарда тәжірибеге бағытталған білім беру үшін колледждермен және кәсіпорындармен белсенді жұмыс істейді. Екінші бағыты – жастар кәсіпкерлігін дамыту мен колледждерде бизнес-мектептер ашу», – деп Қарлығаш Оспанова байқауға қатысу туралы әңгімелеп берді.

«Өзіміздің тәжірибемізбен бөлісіп, өзгелердің тәжірибелерімен танысуға, еуропалық қауымдастықтармен байланыс орнатуға және қызығушылық танытушы халықаралық топтарға өз жетістіктеріміз туралы баяндап беруге мүмкіндік туды әрі бұл мүмкіндікті қалт жіберуге болмайтын еді», – деп ойын жалғады ол.

ЕБҚ жариялаған байқаудың жеңімпазы атағына грузиялық тәжірибелер лайықты деп танылды. Олар нәтижесінде практикалық машықтар бойынша білім беруде ерекше мұқтаж студенттерді қамтыған жобаны жүзеге асырған. Үшінші орынға табан тіреген Черногория қауымдастығы дамыту тұжырымдарымен қаруланған бір адамның өзі барлық сала бойынша тізбекті реакцияны жүзеге асыра алатындығын көрсетіп берді.

Жеңімпаздар анықталған соң, нақты мәтіндегі негізгі табыс ықпалдарын талдауға және жақсырақ түсінуге көмектесетін сұхбаттар жүргізілді. Сұхбаттар стратегиялық ой-талқылар,  табыс факторларын суреттейтін жеке оқиғалар мен негізгі ұсыныстар енгізілген арнайы басылымдарға жарияланып, видеофильм ретінде ұсынылды.

Қарағанды өңірінің Кәсіпкерлер палатасы Еуропалық білім беру қорымен белсенді қарым-қатынаста әрекет етіп, ұйымның бірнеше жобаларына қатысқан.

Өңірлік палатаның мақтан тұтарлық табыстары жеткілікті: тәжірибеге бағытталған білім беруді ұйымдастыру мен қос білім беру аясында 24 колледжбен және 130 кәсіпорынмен 128 төрт жақты шарт жасасқан. Нәтижесінде, 30 мамандық бойынша бір мыңнан астам студент практикалық білім берумен қамтылды.

Ұйымның бизнеске бағытталған білім беру аясында 2 бизнес-мектеп ашылды. Палата практикалық кәсіпкерлік бойынша толық курс пен электронды нұсқадағы оқу құралдарын жасады. Жыл соңына дейін 23 бизнес-мектеп ашу көзделуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер