«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Приозерсктің такси жүргізушілері заңды түрде тіркелмеген әріптестерінің үстінен шағым түсірді

2016 жылғы 14 Наурыз
- Қарағанды облысы
10301 просмотров

Хатта олардың іс-әрекеттері біздің заңды қызметімізге кедергі келтіреді делінген

Приозерск қ. Кәсіпкерлер палатасының филиалына жолаушылар тасымалымен айналысатын бір топ кәсіпкерлерден ұжымдық арыз түсті. Олардың айтуынша, заңды түрде тіркелмеген жекеменшік такси жүргізушілері өздерінде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы ешқандай құжаттың жоқтығына қарамастан баға демпингісіне жол беріп отыр. «Бәсекелестерін» ауызша түрде тәртіпке шақыру әрекеттеріне қарамастан, жағдай түзелер емес. Жеке кәсіпкерлердің бірі Нұрғали Шпекбаевтің сөзіне қарағанда, патент арқылы жұмыс істей отырып, олар Қарағанды облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті моноқала үшін бекіткен 180 000 теңге сомасында салықтар мен аударымдар төлеулері тиіс. Демек, бұл 5% 9000 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік аударымдар, ең төменгі жалақыдан 2 300 теңге мөлшеріндегі зейнетақы аударымдары және 1% – 1800 теңге мөлшеріндегі жеке табыс салығы. Ал тасымалдаушылардың нақты айлық пайдасы кейде айына 40 000-50 000 теңгеден аспауы да мүмкін, ал салықты олар 180 мыңнан төлеуге міндетті.

Мұндай кішігірім және әл-ауқаты орташа қала үшін бұл едәуір қомақты сома. Десек те, көп адамдар заң аясында жұмыс істеп, салықтар төлеуге тырысады. «Бұл аз сома емес. Мемлекеттік кірістер комитеті оны азайтса жақсы болар еді. Ұсақ бизнес бойынша салықтық жүктемені жеңілдетсек қана, саланы дамыта аламыз»,– дейді Нұрғали Шпекбаев.

Сонымен, кәсіпкерлерге қатысты жоспардан тыс рейд ұйымдастыру туралы хат салық органына жіберілді. Приозерск қ. Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлағандай, бірқатар кәсіпкерлердің хронометражды бақылау жүргізу үшін, маман бөлу туралы өтінімі бойынша оң шешім шығарылған. Ал орган аталған тексеріс нәтижелері бойынша жаңа соманың белгіленуі мүмкін дегенді хабарлайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер