«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО-да мал шаруашылығы саласында 6,9 млрд. теңгеге бес инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

2014 жылғы 09 Наурыз
4528 просмотров

Батыс Қазақстан облысында 2014-2015 жылдары мал шаруашылығы саласында 6,9 млрд. теңгеге бес инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, алдағы жылы 9400 тонна етті экспортқа шығару көзделіп отыр.

Осы бағытта «Кублей» ЖШС құны 1 млрд. теңгеге бағаланып отырған, тәулігіне 10 тонна өнім өндіретін, тоңазытқышы бар мал сою цехын салуда.  2015 жылы іске қосылатын жобада қазіргі заманғы технология бойынша етпен қатар тері мен ішек-қарын құрылыстарын өңдеу мәселесі қарастырылған.

«Батыс марка ламб» ЖШС тәулігіне 1400 бас қозы етін өңдейтін (оның тең жартысы экспортқа шығарылады) ет комбинатын биылғы жыл соңында пайдалануға бермекші. Құны 2,4 млрд. теңге жобаны «Қазагроқаржы» АҚ қаржыландырып отыр. Сондай-ақ «Жайық-құс» ЖШС «Қазагроқаржының» қолдауымен 3,5 млрд. теңгеге жылына 6,3 мың тонна құс етін өндіретін фабриканы 2015 жылдың бірінші тоқсанында бітірмекші.

Ал Жәнібек ауданындағы «Әлем» шаруа қожалығы өзінің мал бордақылау кешені жанынан тоңазытқышы бар, тәулігіне 15 тонна ет өндіретін мал сою цехын салмақшы. Мұнда Қазталов, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарынан әкелінген мал сойылып, өнімнің 50 пайызы экспорқа кетпек. Бұл жоба да «Қазагроқаржы» АҚ арқылы жүзеге аспақшы. Сонымен бірге, «Арай» шаруа қожалығы биыл 500 басқа арналған мал бордақылау кешенін осы жыл аяғында іске қоспақшы. Жоба құны - 44 млн. теңге.

Осы бес жобаға қоса, 2012 жылы пайдалануға берілген «Щапово» шаруа қожалығындағы шошқа кешені 12 мың басқа (1 мың тонна) арналса, оны 25 мың басқа дейін көбейту, өнімнің 20 пайызын сыртқа жөнелту жоспарлануда. «Жайық ет» ЖШС 2013 жылы тәулігіне 20 ет өңдейтін, ет пен шұжықтың 40-тан астам өнімін шығаратын шұжық цехын іске қосқан болатын.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі жуырда өңірге сапары кезінде «Қазагроқаржы» АҚ басқарма төрағасы Ғұмар Рақымжановтың облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесуінде кеңінен талқыланып, ортақ мәміле жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер