«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әкім кәсіпкерге не үшін айыппұл салады?

2016 жылғы 11 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
12685 просмотров

«Шенеунік және кәсіпкер» акциясы аясында билік өкілдерінің өңір кәсіпкерлерімен кездесуі өтті

Бизнес субъектілерінің назарына қала әкіміне «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағын  абаттандыру, жасыл көшеттерді күту және қорғау ережелерін», сондай-ақ, ҚР Жер кодексін сақтамағаны үшін, әкімшілік жазалау құқықтары берілгені туралы ақпаратты жеткізді.

«Бұл кездесуді өткізудің басты мақсаты – кәсіпкерлерді «ҚР-дағы жергілікті және мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңмен, Жер кодексімен жақын таныстыру, сонымен бірге, оларды нормаларды орындамағаны үшін әкімшілік жазадан құтқару», – деп атап өтті СҚО КП Мамлют аудандық филиалының директоры Нина Василенко.

Мамлют әкімі Серік Бакеев қатысушыларды аталған нормативтік актілерде көзделген міндеттемелермен, сондай-ақ, абаттандыру ережелерінің нормаларын орындамағаны үшін жүктелетін жауапкершілікпен жете таныстырды. Кәсіпкерлер жергілікті билікке осы мәселеге байланысты өз талап-тілектерін жеткізді. Олар, ең алдымен, жергілікті атқарушы органдар әкімшілік жазалау шараларын қолданғаннан гөрі, қажетті жағдай жасаумен айналысқаны дұрыс деп атап көрсетті. Біріншіден, қатты тұрмыстық қалдықтарды жұмыс істеп тұрған арнайы «Коммунсервис» кәсіпорны арқылы шығаруды ұйымдастыруы тиіс, себебі жекеменшік кәсіпорындар ҚТҚ шығарғаны үшін көп ақы талап етеді. Екіншіден, қоқыстарды шығарудың кестесін әзірлеу керек.

Кәсіпкерлер әлі күнге дейін көп пәтерлі тұрғын үйлерді бастапқы тіркеуден өткізу мәселесі шешілмей отырғанын да еске салды, оларда бизнес нысандары орналасқан және сол себепті тіркеуден өтпей отыр. Бұл мәселе Өңірлік палата филиалында бірнеше рет талқыланған болатын, алайда, бюджетте қаражаттың болмауы себепті сол күйі шешілмей қалды.

Прокурордың көмекшісі Айдар Әліппаев кәсіпкерлерді әкімшілік жаза тағайындаудың тәртібімен түсіндірді, сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 744 бабына сәйкес олардың құқықтары туралы еске салды, яғни, қатысушылардың назарын тексерулер ресімін дұрыс жүргізуге аударды. Сонымен бірге, бизнесмендер рұқсатнамалар мен ескертпелер туралы заңнамаларды түсіндіруге қатысты Кәсіпкерлер палатасының филиалы және аудан прокуратурасы жүргізіп отырған жұмыспен танысты. Атап айтатын болсақ, кәсіпкерлер бұл мәселені, әсіресе, дәл осы жер телімінің мақсатты бағытын өзгерту, жапсарлас құрылыс салуға немесе дүкенге қосымша жай салу және басқаларға рұқсат беру тәрізді рұқсатнамалық ресімдерді талқылауға қызу қатынасты.

Кездесу барысында билікпен сындарлы сұхбат құрылды, кәсіпкерлер өз пікірлерін айтып қана қоймай, атқарушы органдар тарапынан оларға қойылатын талаптарға, сондай-ақ, прокуратура тарапынан құқықтық баға алуға қатысты пайда болатын проблемаларымен бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер