«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекеннің» кадрлық зерттеулері

2016 жылғы 10 Наурыз
9461 просмотров

Қазақстан кәсіпорындары жұмыс күшінің тапшылығын тартып отыр

Еңбек нарығына білікті жұмысшы күшінің жетіспеушілігі ғана емес, сонымен бірге оның теңсіздігі де төніп тұр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі Ақпараттық-сараптамалық орталығы жұмыс берушілер арасында бірлесіп өткізген сұрау салудың аралық қорытындылары осындай. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, сауалнамаға 6 мыңға жуық кәсіпорын басшылары қатысқан. Бәрін қоса алғанда, 8 мыңнан астам қазақстандық жұмыс берушілерді қамту жоспарланып отыр, ал сұрау салудың қорытындысы биылғы жылдың сәуір айында жасалады.

Кәсіпорындар басшыларының арасында мұндай ұлттық сұрау салу бірінші рет 2015 жылы ұйымдастырылған болатын. Оған төрт мыңға жуық басшы қатысып, өз кәсіпорындарының жұмысшы қолдарына мұқтаждықтарымен бөлісті. Қорытындылар көрсеткендей, респонденттердің 95%-дан астамы төменгі және орташа білікті жұмысшыларға сұраныс барын атап көрсетті. Сонымен бірге, директорлар, өздерін жұмыс күшінің тапшылығы ғана емес, сондай-ақ, жұмыс істеп жүрген жұмыскерлердің кәсіби деңгейінің төмендігі де мазалайтынын атап көрсетті.

Оған қоса, Орталық сарапшылары атап өткендей, болашақта Қазақстанда жоғары білікті мамандарға сұраныс өседі деп күтілуде. Бірақ, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың азаюы және өнеркәсіптегі жұмыспен тұрақты қамтылу жағдайында жұмыспен қамтылғандардың негізгі үлесі қызмет көрсету саласына шоғырланады. Бұл жағдаятты болжанып отырған халық өсімінің әркелкі өсімі де күрделендіре түседі. Айталық, 2020 жылдың соңына қарай, ағымдағы үрдістер сақталған жағдайда, еңбек нарығындағы теңгерімсіздік облыстарда қатты сезілетін болады. Еңбекке ұсыныс пен сұраныс арасындағы айырмашылық Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс күшінің жетіспеушілігін туғызса, ал, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жұмыс күшінің артылуы болжанады.

Сонымен бірге, Ranking.kz мәліметтері бойынша, қазақстандық еңбек нарығында зейнет және зейнеталды жасындағы жұмыскерлердің саны арта түсті. 2015 жылы 65+ жастағы жалдамалы жұмысшылардың саны Қазақстанда екі есеге өсіп,  21,2 мың адамға жетті. Бұл тұрғыда, зерттеуде көрсетілгендей, өсімнің бұл деңгейі басқа жас санаттардағы жалдамалы жұмысшылар санының ұлғаю жылдамдығынан едәуір алда келеді.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер