«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ерейментау жартылай фабрикаттары – дастархан сәні!

2016 жылғы 10 Наурыз
- Ақмола облысы
11711 просмотров

Көп жылғы үзілістен кейін, еттен жасалған жартылай фабрикаттар өндіретін цех қайтадан жұмыс істеді

«Бегенова» ЖК өндірісі азық-түлік дүкендерінің сөрелеріне «Деповские» атауымен мәнті, тұшпара, тефтели, фрикаделька, варениктер өнімдерін шығарды. Компанияны Марина Бегенова басқарады, ол – жігерлі, талапты әйел. Өңірде мұндай бағыттар жоқ екенін атап өту қажет, сондықтан да бұл еттен және көкөністен жасалған жартылай фабрикаттар өндірісімен айналысатын алғашқы цех. Мұнда, сондай-ақ, балық өнімдерін тұздайды және ыстайды.

«Ең басында біз жалға алған мекен-жайда азық-түлік дүкенін аштық, бірақ кірістің төмен болуына байланысты одан бас тартуға тура келді. Отбасылық кеңесте өз өндірісімізбен айналысу қажет деп шештік. Сонымен балық өңдейтін бұрынғы цехты жалға алдық, жөндеу жасадық. Өз қаражатымызға қажетті құрал-жабдық сатып алдық», – дейді бизнесвумен.

Өндірісте қазіргі уақытта сегіз адам еңбек етеді, олардың қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс тәжірибесі бар. Бір апта ішінде бір ғана Ерейментау қаласының дүкендері мен мейрамханаларына 300 килограмнан астам балық өнімдері, 30 кг жартылай фабрикат сатып өткізіледі.

«Біз үнемі сұранысты зерттеп отырамыз, өз тұтынушыларымыздың тілектері мен ұсыныстарын ескереміз, мұның өзі өнімдерді сатудың тұрақты өсімін қамтамасыз етеді.  Өндірісті кеңейтуді ұйғардық, бірақ бұл үшін қосымша қаражат керек. Жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгіндік, ондағы кеңесшілер, несиені қалай және қайдан алуға болады, бәрін орын-орнына қойып  түсіндіріп берді, бұл үшін оларға үлкен алғыс айтамыз»,– дейді Марина Бегенова.

Оның жоспарлары орасан зор. Қарыз алғаннан кейін кәсіпкер қайта жөндеу жасап, жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейтуді, етті қайта өңдейтін қосымша цех ашуды, буып-түйетін материалдар алуды, жұмыскерлерге арналған арнайы киім тігуді, цехтың алдына жөндеу жүргізуді, сондай-ақ, маңайдағы аумақты абаттандыруды жоспарлап отыр. Қазіргі күні бұл жоба КҚО сарапшыларының одан әрі қолдауына ие болды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер