«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тізгін иесі – бизнес-ханым

2016 жылғы 09 Наурыз
- Алматы қаласы
9393 просмотров

Алматыдағы Іскер әйелдер кеңесі қызметінің қысқаша қорытындысы баяндалды

Алматы Іскер әйелдер кеңесі құрамына кіретін мықты әрі тартымды бизнесвумендер бір-бірін көктем мерекесімен құттықтап, құрмет қағаздарымен марапаттады және былтыр маусым айында құрылған күнінен бергі қызметіне қысқаша қорытынды жасалды. Осы уақыт ішінде Кеңес аясында бірнеше бағыттар бойынша екі мыңнан астам кәсіпкер әйелге тегін кеңестер берілді. Олар мына бағыттар: бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу, статистикалық есептілікті жасау, кедендік процедуралар бойынша қызметтер, менеджмент жүйесін енгізуге қатысты үдерістерді толықтай қолдау және кеңес беру, құқықтық қызметтер көрсету, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, ақпараттық технологиялар саласындағы қызмет көрсетулер бойынша кеңес берулер, мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялар мен жер пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер, менеджмент мәселелері жөніндегі қызметтер.

700-ден астам әйел маркетинг негіздері, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің құқықтық негіздері, жеке бизнес ашуға қажетті қаржы турасында «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсу» бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді білім алды. Алматы қаласында өткен сыртқы экономикалық қызметті дамыту мен бизнес байланыстарын нығайтуға бағытталған 20 халықаралық конференция, көрмелер мен форумдарға әйел кәсіпкерлердің қатысуы ұйымдастырылды.

Жанель Бертаеваның бастамасымен «Ве First!» білім беру жобасы іске қосылып, ол бойынша Kazakhstan Fashion Institute сән инстутынан білім алуға 20 грант бөлінді. Аталмыш жоба өз бетінше білім алғысы келетін, fashion стайлинг, дизайн және fashion бизнес салалары бойынша білімін жетілдіргісі келетін қыз-келіншектерді оқытып, іс жүзінде тәжірибемен алмасты. Сондай-ақ  «Arlem» сән қауымдастығы құрылып, Lenazh.com онлайн дүкені ашылған. Алматы Іскер әйелдер кеңесінің құрамына кіретін дизайнер Айгүл Жансерікованың бастамасымен әйел қауымы ұлттық кәдесыйлар жасау қолөнер орталығында білім алуға мүмкіндік алды.

Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп, әйелдер кәсіпкерлігінің «әйел затына тән» жобаларын қолдау және қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша үйрету семинарларын өткізу туралы ынтымақтастықты дамыту қолға алынып отыр. Жоба Кеңес мүшесі, «Еуразиялық Банк» АҚ басқарушы директоры Жанар Жұбаниязованың бастамасымен іске асуда.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер