«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бір терезеден» мәселе шешілмей тұр

2016 жылғы 09 Наурыз
- Қостанай облысы
14614 просмотров

«Мемсараптама» РМК нарықтағы бәсекелестікті әдейі шектеп отыр. Құрылыс материалдарына ведомостводан тыс сараптама жасайтын қостанайлық компаниялардың иелері бұған кәміл сенімді

Облыстық Кәсіпкерлер палатасына «Қостанай жоба сараптамалық орталығы» ЖШС басшылары шағымдана келген. Фирма басшысы Светлана Остапчуктің айтуынша, оның компаниясы РМК жүргізген аккредитациядан кейін де және тапсырыс берушілердің дау-жанжалдарына бола өз жұмысын бастай алмай отыр.

Мәселенің мәні мынада, бірнеше мемлекеттік қызмет түрі бәсекелестік ортаға берілгенінен кейін Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу туралы ережелері бекітілген болатын. Құжатқа сәйкес ол «бір терезе» қағидасымен және тек қана электронды портал арқылы жүргізіледі.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының пайымынша, порталдың мемелекеттік кәсіпорынның бақылауында болуының өзі бұл саладағы бәсекелестікті кеңейту қағидасына қайшы келеді.

Жеке компаниялардың барлығы дерлік қымбат тұратын арнайы бағдарлама қажет болғандықтан, оған тіркеле алмайды. Сондай-ақ, ол бағдарламаны компаниялардың өздері жетілдіріп, енгізуі қажет.

«Құны тоғыз миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Жетілдіріп, енгізуге алты айдай уақыт керек. Бұл шағын компаниялар үшін қолжетімсіз қаражат. Сонымен қатар, бағдарламаны жетілдіруге арналған талаптар «Мемсараптама» РМК сайтында 25 ақпанда ғана жарияланды. Сол уақыттың ішінде 4 ұйым сайтқа тіркелген боп шықты. Мынандай сұрақ туады: аккредитациядан барлығы бір мезгілде өтсе, олар бұл талаптар жөнінде қайдан білген?», – дейді Светлана Остапчук.

Портал мәселесі шешімін тапқан күннің өзінде, бұл қазір Ұлттық палатада қаралуда, жеке компаниялар мемлекеттік кәсіпорынмен тең дәрежеде бәсекелесе алмайды, деп есептейді кәсіпкер.

«Біздің заңнамалық тұрғыдан құзыретіміз кеңейтілмеген әрі көлемі де аз. Егер 2012 жылға дейін сараптамалық орталықтар бес қабаттық үйлерге сараптама жасай алған болса, бүгінгі таңда бізге үш қабатты ғимараттарға ғана сараптама жасауға рұқсат берілген. Егер әлеуметтік-мәдени нысандар болса, қызмет көрсетушілерді есептегенде, жалпы сыйымдылығы 50 адамға дейінгі нысандарға сараптама жүргізуге рұқсат етілген. Бәсекелестік туралы не деуге болады мұндайда?», – дейді Светлана Остапчуку.

Дәл осындай шағыммен «Атамекен» ҰКП-ға құрылыс нысандарына ведомстволық емес сараптама жүргізетін бірнеше компания келген. Бұл сұрақ Астана қаласында 10 наурыз күні өтетін Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесін жан-жақты қаралмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер