«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балалардың бабын тапқан бизнес-ханымдар

2016 жылғы 05 Наурыз
- Алматы қаласы
4296 просмотров

Ардақ Мұхамедиева мен Жанар Ысқақова алматылық бойжеткендер  ірі сауда орталықтарының ішінен балаларға арналған «Kids Lab» клубын ашып,  елімізге жаңашыл бизнес түрін енгізді

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жүзеге асырылған  «Болашақ»  бағдарламасы қазіргі таңда жемісті болып отыр. Себебі, шетелдерде білім алып, тың идеялармен елге оралған жастар жаңа леп әкеліп, елімізде дамытуға үлес қосуда. Швейцарияның American Graduate School of Business университетінде білім алған Ардақ Мұхамедиева мен  «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Лондонда басшылық қызметін атқарған Жанар Ысқақова сондай жастардың жарқын мысалы.

Олар 2014 жылы «Достық Плаза»  сауда орталығында «Kids Lab»  балалар клубын ашты. «Kids Lab» – ірі сауда орталықтарында ата-аналар дүкен аралап немесе кино көруге кеткенде балаларын қалдырып кететін ойын алаңы. Бұл баланың сана-сезімінің жетілдіретін ойындар мен ойыншықтарды отаны секілді. Мұндай сауда орталықтарындағы балаларға арналған    ойын алаңы әлемде кең таралған, ал біздің Ардақ Мұхамедиева мен  Жанар Ысқақова  елде алғашқылардың бірі болып ашты.    

«Қала тұрғындарының бәрінің үйінде балаларын қалдырып кететін күтушісі немесе ата-әжесі жоқ екені рас. Сонымен қатар, Алматыда ата- аналар  балаларын 1-2 сағатқа алаңсыз қалдыра алатын   сенімді орталықтар жоқ еді. Кейін осы жайтты ескере келе, балаларды жауапкершілікпен алып қала отырып, оларды ойнататын, ой-саналарының дамуына көмектесетін орталық ашуды жоспарладық. «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығымен келіссөздер жүргізе отырып, біз идеямызды іске асыруға мүмкіндік алдық.  Алғашқы қадамдарымыз осылайша басталған еді», – дейді орталықтың негізін қалаушылардың бірі Ардақ Мұхамедиева.

Мұнда балалар өз бетінше ойнауға үйренеді.  Өзге балалармен тіл табыса отырып, ойлау қабілетін дамытатын ойындар ойнай алады.  Және  балалардың ширақ болып өсуі үшін әткеншектер мен сырғанақтар, үйшіктер бар. Балардың туған күнін тойлайтын арнайы орын да табылады.

Қыздар «Kids Lab»-тың  екінші нүктесін  «Мега» сауда орталығынан ашты. «Сәби» қайырымдылық қоры ұйымдастырған  «Өз бизнесіңді жаса» байқауында грант ұтып алып, қаржылай сыйлықты жаңа орталықтың құрал-жабдықтарына жұмсады.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының «Инновациялық жобалар» байқауына орталыққа қажет,  әрі ойыншықтың жаңа түрі – интерактивті құмсағат жасау идеясын ұсынған еді. Алайда, әзірге жеңіске жету мүмкін болмай отыр. 

«Біздің мақсатымыз алдағы уақытта қазақстандық Kids Lab ойын-сауық желісін құру. Тек Алматы қаласымен ғана шектеліп қалмай, еліміздің басқа қалаларында да дамытуды көздеп отырмыз. Сонымен бірге, жаңа ойыншықтар алуды, ойын-сауық бағдарламаларын жетілдіруді ойластырып отырмыз»,– деген Ардақ Мұхамедиева ешқандай кедергілерге қарамастан дами беретін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер