«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Екі елдің іскер әйелдері күш біріктіреді

2016 жылғы 04 Наурыз
- Жетісу облысы
11168 просмотров

«Қорғас» халықаралық шекара маңындағы әріптестік орталығында ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Қорғас қ. бизнесвумендерімен кездесті

Кездесуге Қытай жақтан Автономдық аудан мен қаланың іскер әйелдер, кәсіпкерлер мен саудагерлер қауымдастықтарының мүшелері, Автономдық округ үкіметі, қалалық және халық комитеті, Қорғас қаласындағы 20 компанияның қалалық және саяси ақыл-кеңес беру кеңестері қатысты.

Іскер әйелдердің өңірлік кеңесін аймақтағы белгілі кәсіпкерлер бастап келді. Олардың қатарында – рестораторлар қауымдастығының басшысы Ғалия Хакимова, «Раушангуль» ЖШС басшысы Атлас Молдахметова, «INTELLECiTy» балабақшасының директоры Маржан Ахметжанова, Лариса Котельникова, Сарқан, Кербұлақ, Панфилов, Ұйғыр аудандары мен Текелі қаласының Іскер әйелдер кеңесі филиалдарының өкілдері де бар.

Халықаралық форумның басты тұжырымдамасы Жібек жолы Экономикалық белдеуінің аясындағы өзара тиімді әріптестікті жүзеге асыру мәселелері болды. Алғысөзді «Қорғас» АЭА (Арнайы экономикалық аумақ) партиялық жұмыс комитеті хатшысының орынбасары, ҚХР СҰАА (Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданы) «Қорғас» АЭА Әкімшілік комитеті төрағасының орынбасары, Қорғас қаласының әкімі  Мурал Абильмажин алды. Олар екі ел экономикасын біріктіру қажеттілігі жайлы және дүние жүзіндегі барша әйелдердің қозғаушы әрі позитивті күш екендігі туралы сөз қозғады.

«Өз кезегінде Алматы облысы іскер әйелдерінің өңірлік кеңесі мүшелерінің әйелдер күні қарсаңында ең алғашқы қатысушылар қатарынан табылып, көршілеріміздің шақыруы бойынша Қорғас орталығына келгендігі құптарлық жайт болды. Және біз осы бастамамыздың екі елдің нәзік жанды өкілдерінің арасындағы іскерлік әріптестіктің негізін қалап, арақатынасымыздың өзара түсіністік, сыйластық пен өзара тиімділік жағдайында құрылатындығына сенімдіміз»,– дейді Алматы облысы Іскер әйелдер өңірлік кеңесінің басшысы Мамила Мұсабекова.

Тараптар онда келешектегі арақатынастардың басымдықтары мен алдағы күннің жоспары анықталған екіжақты келісімге қол қойды. Қыркүйек айында Үрімжі қаласында тұңғыш рет әйелдер кәсіпкерлігіне арналатын халықаралық көрме ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Форум қатысушылары Қорғас қ. әкімі Мурал Абильмажиннің ықыласына аса риза болды. «Ол өте қарапайым адам, халыққа етене жақын әрі қонақжай. Біз түрлі салада жұмыс істеп жүрген ең үздік 10 әйелді марапаттау рәсімінің куәсі болып, Қытайдың өз азаматтарын қаншалықты бағалайтындықтарын түсіндік. Енді Іскер әйелдер кеңесі мүшелерін аудандарда қызу жұмыс, кәсіпкер әйелдермен кездесулер күтіп тұр. Өйткені біздің бұл сапарымыз достық пен әріптестікке жол салды. Бүгіннің өзінде біз өз серіктестеріміздің тарапынан кері байланысқа қол жеткізіп, олардың бізбен жақынырақ танысуға деген ниетін көріп отырмыз»,–дейді ҰКП Өңірлік кеңес мүшелері.

«Мүмкіндіктерімізді үнемі кеңейтіп отыруымыз қажет. Қорғастағы кездесу бізге осындай мүмкіндіктер береді»,– дейді «Тастума» ШҚ басшысы, іскер әйелдердің аудандық кеңесінің төрағасы Кенжетай Тазабекова. – Біздің Сарқан ауданындағы әйелдердің идеялары көп, жұмыс істеуге, өз істерін ашуға деген құлшыныстары да мықты. Мен осындай ниетті әйелдерді біріктіріп, оларды өзгелердің табысқа жету тарихтарымен таныстырып, мәселелерін шешуге көмектескім келеді. Өзімнің бизнеспен айналысып жүргеніме 10 жыл болды, қазір көп нәрсе үйренгендігімді айтқым келеді. Саған бизнес-жоспар да жазып береді, есепші мен заңгер де өз кеңестерін аямайды. Оның үстіне осының барлығы тегін!».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер