«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тасымалдаушылар өңірлік кәсіпкерлер палатасына дән риза

2016 жылғы 03 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
9711 просмотров

Жаңа ережелер бизнестің ерекшеліктерін есепке ала отырып бекітілді

Бизнесті қорғау мемлекеттік органдар мен сот инстанцияларының алдында субъектілердің кәсіпкерлік әрекеттегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаумен ғана шектелмейді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жүргізілетін кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін көздейтін нормативті-құқықтық актілер дайындау, қолданыстағы заңнамаға түзетулер мен толықтырулар енгізу сияқты, әсіресе, жүйелік ерекшелік мәселелеріне қатысты жұмыстардың маңызы зор.

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасы бизнес мүддесін көздейтін нормативті-құқықтық актілердің жобаларына міндетті сараптама жұмыстарын жүргізеді.

2015 жылы Батыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасына сараптама қорытындысын алу үшін, облыс, қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдар мен өкілдік органдардан 160 нормативті-құқықтық актілердің жобалары келіп түскен.

Жобалардағы негізгі мәселелер асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидия көлемін бекітуге, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруға, аудандық коммуналды дүние-мүлікті жалға берген жағдайдағы жалдама ақысының мөлшерін санауға қатысты ережелерді бекітуге қатысты болған.

Мәселен, Палата сарапшылары тарапынан жолаушылар тасымалына байланысты шығындарды бюджеттік қаржы есебінен субсидиялау Ережелеріне өзгерістер мен ұсыныстар енгізу бойынша қарқынды жұмыс істелді. Бұл жұмысты жүргізуде Орал қаласының тасымалдау кәсіпорындары жетекшілерінің ескертпелері негізге алынды. Бұрынғы нормативті актіде көрсетілген негізгі шарттар жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдайтын кәсіпорын жұмыстарын қанағаттандырмаған еді. Кәсіпкерлердің пікірінше, 2015 жылы бекітілген жаңа Ережелерде барлық ескертпелер мен толықтырулар қарастырылған. «ОралТехСервис» ЖШС директоры Александр Баклан аталған мәселені шешуде айтарлықтай қолдау білдіргендері үшін, Палата жетекшілері мен мамандарына алғыс хат жіберді. «Жаңа Ережелердің бекітілуі Кәсіпкерлер палатасының барлық тасымалдаушыларға ортақ мәселені шеше алатынын көрсетті», – дейді Александр Баклан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер